Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

 

Қозғалыс түрі – жаяу, атпен.   Бағыттағы негізгі пунктер:  Өгем кордоны – Өгем – өз.  – Айғыржыққан өз. Жаужүрек асуы–Ақкөйлек шатқалы – Тогытба асуы. Бағыт ұзақтығы - 31

 

Бағыт Өгем  кордонынан басталып, Қаржантау жотасының оңтүстік бойымен Өгем өзенінің оң жағымен Көкбел (1600м) Жаужүрек (1780м) және Тоғытба (2060м) асулары арқылы өтеді. 1 сағат 40 минуттан кейін соқпақ жол Айғыржыққан өзені арқылы өткелге жақындайды. Өзен қатты ағысты, күннің екінші жартысында су ұсақ тастарды ағынмен тасиды, сондықтан өткелді сақтандыру арқанымен таңғы уақытта өткен жөн. Бұдан әрі жол көрікті Жаужүрек шатқалының бойымен өтеді. Мұнда Өгемде кездесетін көптеген ағаш түрлері  жайқалып өсуде: зеревшан және жартылай шарт тәрізді аршасы, Түркістандық арша (діңгек диаметрі 1,5 м.жетеді, ал жасы 1000 жыл) қайың, Сиверс алма ағашы, арша мен зерек бірге өскен долана орманы. Шатқалда доңыз, аю, елік пен кекілік кездеседі. Жаужүрек асуына кірер алдында соқпақ жол Мешіт тұрпаттына ұқсас жартас учаскесінің жанынан өтеді – осыдан Мешіттас атауы пайда болды.
    Асудан кейін жарқыраған қарлы шыңдарымен Өгем және Қаржантау жотасының солтүстік –шығыс көрінісі ашылады. Бағыт солтүстік –шығыс бағытта Ақкөйлек шатқалы (мұнда демалып түстенуге тоқтау қажет) және Тоғытба асуы арқылы жалғасып, кейін солтүстікке Сусіңген көліне бұрылады. Бивачный алаңы көлдің оңтүстік бөлігінде арша арасында орналасқан.
    Сусіңген көлі теңіз деңгейінен 1900 м биіктікте Қаржантау жотасының оңтүстік жағында орналасқан. Өзен аумағы 3,5 мың ш.м. Уақыт сайын ол тез тартылады, осыдан «Сусіңген» атауы пайда болған. Көлдің солтүстігінен бастап Құлыншақ тауы мен Қыржылсай асуының арасындағы үлкен аумақта орналасқан (2610 м) көптеген бұлақтарды өзіне қосып Сусіңген өзені құлап ағады. Бұлақ суын екі бұлақ өзенінен: көлдің батыс және солтүстік жағасынан алуға болады. Көлде дақты форель-осман балығы тіршілік етеді. Келесі күні аулау және көлдің шығыс жағындағы көрікті жылғаларды кеңінен аралау.
    Үшінші күн келген жолмен Өгем ауылына қайту.

Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.