Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

 

Қозғалыс түрі – жаяу, атпен.   Бағыттағы негізгі пунктер:  Сарыайғыр өзенінің кордоны –Сарыайғыр өз.– Мыңжылқы шатқалы–Тікенек – асуы, Ақбұрхан – өз., Ұлыжұрт – асуы, Кішіжұрт – асуы, Қырыққыз – шатқалы, Бадам  өз. –  Бадам кордоны. Бағыт ұзақтығы -72 км.

 

Бүкіл жол Каржантау жотасының маңайында өтеді.
1 күн
     Бағыт Төлеби ауданының Қасқасу ауылына дейін, кейін Сарыайғыр және Сайрамсу өзендерінің қосылған жеріне дейін 12 км тастақ жол. Ұлттық парктің кондонынан қозғалыс (1 сағат 40 минут) Сарыайғыр өзенінің бойымен оған келіп құятын Ұлар өзеніне дейін. Сарыайғырдың оң жағалауында күзгі уақытта аюлардың сүйіп тамақтанатын жері – ежелгі жеміс-жидек бағы. Бұдан әрі жол өзеннің сол жағалауымен жалғасады. Арша мен бұта өсімдіктері жүріп-тұруда едәуір қиындық тудырады. Қосылған екі жартас бойымен өтетін жолда жылдам әрі аттарды жетекте ұстап өту қажет. 2 сағат 20 минуттан кейін аршалы алаңқайға шығамыз. Жол альпілік шалғындар бойымен жалғасады. Көптеген Мензбира суыры, маңғаз тау ешкілерінің тобы жартастар арасында көз қуантады. 45 минуттан кейін шатқал тез оңға бұрылады. Бұрылыстан кейін ашық оң жағаға шығамыз, анық көрінетін соқпақ жолмен батысқа беттейміз. 1 сағат ішінде батыс бағытта Новичок асуының бұрылысына дейін батыс бағытта жүреміз және қонуға қаламыз.
    2 күн.
    Тікенек асуына жол ертемен Сарыайғыр өзені арқылы солтүстік батыстан өзенге құятын жылға бойының тік көтерілімімен басталады. 45 минуттан кейін жылғаның жоғары бөлігіндегі үлкен альпі шалғынына шығамыз. Оңтүстік – батыс бағытта пирамидалы құздың шығар есігі көрініп тұр. Тікенек асуына жолды құзды пирамиданы сол жағынан айнала өтіп, оңтүстік батысқа қарай жүзеге асыру керек. Қонған жерден асуға дейін көтерілетін жол шамамен 2 сағатты алады. Асудан оңтүстікке қарай Өгем жотасының көрікті жері ашылады, ал оңтүстік - батыста Бәйбіше шыңы (2891 м) жақсы көрінеді. Асудан төмен түсетін жол Тікенек өзенінің оң жағалауымен шамамен 3 км болады. Кейін өзен айналымында жылдам оңға солтүстікке бұрылу керек, үлкен емес салаға өтіп,  Ақбұрқан жылғасының сайына түсіп, сала бойымен солтүстік батысқа сол жақ бұрылысқа дейін жүру керек. Солтүстіктен өзенге үлкен емес бұлақ келіп құйылады. Бұлақтың сол жағынан жол бойымен көтерілеміз, солға бұрылып, Қорымсай сайының сол жағымен солтүстік батыс бағытта төмен түсеміз. Қорымсай біртіндеп Шағыртас өзенінің шатқалына ауысады. Беткейде аршаны кездестіргенде түнеуге тоқтаймыз. Асудан түсу 3 сағат 20 минутты құрайды.
       3 күн
 Бағытта  Шағыртас өзенінің сол жағалауымен жақсы тапталған соқпағымен жалғастырамыз, жол  батысқа, яғни Шағыртас және Тоғытба өзендерінің жеріне бұрылады. 2,5 сағаттан кейін, оңтүстік-шығыста шағын жылға келіп құятын жерге келіп жақындаймыз. Айғыржыққан өзені күттеген жерде тартылады (судың көп бөлігі жер астындағы жолға келіп, Сусіңген көлінен 2 км төмен орналасқан Айғыржыққан өзеніне  шығады). Көлге қарай жол асудан оң жағаға қарай басталады, әрі қарай өзен бойымен шамамен 1 км жоғары ағын бойымен, кейін соқпақ жол солтүстік-батысқа бұрылады және саланың орта бөлігіне жоғары қарай беттеледі. Орта тұсынан жол сайдың сол жақ жоғары бөлігіне жетелеп Сусіңген көлі Өгем және Қаржантау жоталарының әдемі келбеті ашылатын шың платасының шығу есігіне дейін әкеледі. Көлге келіп құятын өзенді кесіп өтеміз және оң жағалаумен түнейтін жер аршалыға жетеміз.
4 күн
Демалыс. Балық аулау (көлде дақты форель тіршілік етеді).  Жылғаларға шығатын жол көлдің шығыс жағында.
5 күн
Ұлыжұрт асуына көтерілу аршаның оң жағынан жақсы жолмен солтүстік батысқа жалғасады. Үш сағаттан кейін, солымызда – Майлысай мен Қазақшұңқыр мен оң жағымызда – Бәйбішені артта қалдырып, Ұлыжұрт асуына шығамыз және асудағы жылғада тоқтаймыз. Бұдан әрі жоғарғы оң соқпақ жолмен, сол жағымызда Кішіжұрт тауын (2858 м) артта қалдырып, батысқа жылжимыз. Жол біртіндеп төменге түседі және 1,5 сағаттан кейін Бадам өзенінің басына әкеледі. 3,5 сағаттан кейін Қырыққыз шатқалына жақындаймыз. Мұнда құдық жанында түнеуге қаламыз.
6    күн.
     Келесі күні Қырыққыз тауының сынықтарына шығуға бет аламыз.
    «Южная» турабазысына түсу. Бадам өзені шатқалының сол жақ беткейінің жоғары бойымен өтеді және шамамен 2,5 сағатты алады.

Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.