Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Парк аумағындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚР АШМ Орман және аңшылық комитетінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 352 бұйрығымен бекітілген және «Сайрам-Өгем МҰТП» ММ Ғылыми кеңесінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 1 хаттамасымен келісілді және 2007 жылғы 20 қарашада № 5 хаттамамен толықтырылған 2011 жылға дейінгі келешекті тақырыптық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
2011 жылға дейінгі келешекті тақырыптық жоспарға сәйкес парк аумағында жұмыстар 6 ғылыми тақырыпқа сәйкес жүргізіледі: 
1)  «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша Сайрам-Өгем МҰТП табиғат кешеніндегі құбылыстар мен үрдістерді зерттеу». Орындаушылар, директордың ұлт.парктің ғылым жөніндегі орынбасары, ғылыми бөлім қызметкерлері және мем.инспекторлар. 
2) «Сайрам-Өгем МҰТП экологиясы және омыртқалы жануарлардың таралу аймағы»; Орындаушылар, Төлеміс Е.Х.- ғылым, ақпарат және   мониторинг бөлімінің бастығы. Жануарлар әлемі бөлімінің қызметкерлері. 
3) «Сайрам-Өгем МҰТП  био әр түрлілігінің ұзақ мерзімді мониторингісінің ғылыми негізі ретіндегі омыртқасыз жануарлардың басты және индикаторлы тобының жағдайын зерттеу»; Орындаушылар, Анарбаева Ш.Ж..- аға ғылым қызметкері. Ғылыми бөлім және жануарлар әлемі бөлімінің қызметкерлері.  
4) «Сайрам-Өгем МҰТП дендрофлора тұрпатының әр түрлілігін зерттеу»; Орындаушылар, Анарбаева Ш.Ж.- аға ғылым қызметкері мен мем.инспекторлар.
5) «Батыс Тянь-Шань жағдайында өндірістік плантацияларды құру үшін шаруашылық құнды сорттар мен жаңғақ жемістерінің түрлерін сақтау және интродукция»; Орындаушылар, Төлеміс Е.Х - ғылым, ақпарат және   мониторинг бөлімінің бастығы. Ғылыми бөлім және орман мен өсімдік әлемінің ұдай өндіріс бөлімінің қызметкерлері.  
6) «Батыс Тянь-Шаньның аршалы ормандарын қалпына келтіру әдістерін әзірлеу». Орындаушылар,  ЖәрменоваР.Н.- аға ғылым қызметкері. Ғылыми бөлім және орман мен өсімдік әлемінің ұдай өндіріс бөлімінің қызметкерлері.  
1. «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша Сайрам-Өгем МҰТП табиғат кешеніндегі құбылыстар мен үрдістерді зерттеу»;
Жұмыс мазмұны. Өсімдіктің негізгі түрлерінің өсуі, жеміс беруін, фенологиялық құбылыстарды стационарлы және бағытты мониторингтік бақылау. Сирек, эндемиялық және шаруашылық негіздегі құндылығымен өсімдік түрлерінің аумақ бойынша таралуын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.  Гербарий жинау. Жануарлар мен құстардың, оның ішінде сирек түрлерінің саны мен тұқымдас жағдайына стационарлық және бағытты мониторингтік бақылау. Есеп алаңқайлары мен бағыттарында гидрометеорологиялық құбылыстарды бақылау.
Болжамды нәтижелер.  Өсімдік пен жануарлар дүниесі  әр түрлерінің алуандығына түгендеу жүргізілетін болады. Сирек эндемиялық және қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктеп мен жануарлардың мекен  ету жері анықталатын болады. Экспедиция барысында фенологиялық бақылау, материалдар жинақтау және жинақталған материалдарға іріктеу жүргізу. Көп жылғы бақылау мен түрлердің биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін және гидрометеорологиялық құбылыстарды зерттеу мәліметтері негізінде ұлттық парктің «Табиғат жылнамасы» жасалатын болады. Алынған мәліметтер экожүйенің жалпы қызмет етуінде теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
2. «Сайрам-Өгем МҰТП экологиясы және омыртқалы жануарлардың таралу аймағы»;
Жұмыс мазмұны. Ұлттық парктің омытрқалы жануарлары туралы ақпарат, материалдар жинау мақсатында   жануарлар дүниесіне экскурсиялар жүргізу.  Сирек, жоғалып бара жатқан, эндемиялық, реликтивті түрлерді анықтау.  Экология, биологияны және жоғалып бара жатқан түрлерді (арқар, Мензбира суыры және т.б.)  зерттеу.
Болжамды нәтижелер. Омытқалы жануарлардың мазмұндалған тізімі.  Сирек, жоғалып бара жатқан түрлердің құрамы анықталатын болады. Сирек, жоғалып бара жатқан түрлерді сақтау және оларды ұдайы өндіру бойынша шаралар әзірленетін болады.   Ұлттық парктің омыртқалы жануарларын кадастрлау.
3. «Сайрам-Өгем МҰТП  био әр түрлілігінің ұзақ мерзімді мониторингісінің ғылыми негізі ретіндегі омыртқасыз жануарлардың басты және индикаторлы тобының жағдайын зерттеу»;
Жұмыс мазмұны. Жәндіктердің басты және индикаторлы топтарының құрамын, эко жүйенің негізгі түрлерінде энтомологиялық кешен құрамы мен жағдайын зерттеу, зерттелетін топ түрлерінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін, табиғаттағы рольі мен адам үшін маңыздылығын зерттеу, сирек, жоғалып бара жатқан, эндемиялық, реликтивті, шаруашылық маңызды немесе зиянды түрлерді зерттеу.
Болжамды нәтижелер. Жәндік топтары бойынша жаңа жануарлар дүниесі бойынша материалдар, сондай-ақ биология, экология, барлық зерттелетін жәндік топтарының таралуы мен тәжірибелік маңызы жөнінде жаңа мәліметтер алынады. Сирек, жоғалып бара жатқан, эндемиялық, реликтивті, шаруашылық маңызды немесе зиянды жәндіктер анықталатын болады. Олардың саны, тұқымдастың аумақтық таралуы, биология, экология жөнінде материалдар алынатын болады.

4. «Сайрам-Өгем МҰТП дендрофлора тұрпатының әр түрлілігін зерттеу»;                             Жұмыс мазмұны. Парк аумағындағы ағаш-бұталы өсімдікті түгендеу.  Сирек және қызыл кітапқа енген түрлерді сақтау. Дендрофлораның шаруашылық маңызы.
Болжамды нәтижелер.
-ағаш-бұталы өсімдіктерді таксономикалық, биоморфологиялық, экологиялық, географиялық   талдау;
- Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен өсімдіктер дүниесінің ерекшеліктерін анықтау;                               - дендрофлораның шаруашылық маңызын анықтау.
5. «Батыс Тянь-Шань жағдайында өндірістік плантацияларды құру үшін шаруашылық құнды сорттар мен жаңғақ жемістерінің түрлерін сақтау және интродукция»;
Жұмыс мазмұны. Сақтау, интродукция, фенологиялық бақылаулар. Шаруашылық –құнды сорттар мен нысандарды көбейту  және жаңғақ жемістерінің өндірістік плантацияларын құру.   
Болжамды нәтижелер. Грек жаңғағы мен нағыз пістенің жаңа сорттары өсіріледі.  Шаруашылық-құнды сорттары іріктелетін болады.  Қолда бар ресурстар базасында тұқымның сорттық құрамын жақсартуға мүмкіндік туады. Фенологиялық, қыс мезгіліне беріктігі, ауру мен зиянкестерге қарсы тұрақтылығына жүргізілген бақылау нәтижелері алынады.

6. «Батыс Тянь-Шаньның аршалы ормандарын қалпына келтіру әдістерін әзірлеу».
Жұмыс мазмұны. Аршалы ормандардың табиғи қалпына келу әдістерін әзірлеу. Питомниктерде арша көшеттерін өсіру.  .
Болжамды нәтижелер.  Аршалы ормандардың табиғи қалпына келу әдістері әзірленетін болады.  Аршаны тұқым және кесінді арқылы көбейтудің тиімді әдістері әзірленетін болады.   Аршаның табиғи қалпына келу және көбеюіне жәрдемдесу бойынша ұсыныстар беріледі.

Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.