Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Қозғалыс түрі – жаяу.   Бағыттағы негізгі пунктер: «Альтекс» СТФ кемпингі – Сайрамсу өз.- Кырчищлы –жылғасы, Көпжайлау – жылғасы, Сайрамсу көлі. Бағыт ұзақтығы -14 км.

Жол Шымкент қаласынан басталып «Альтекс» кемпингіне дейін (78км) автобуспен шамамен 2 сағаттық жолды қамтиды, сондықтан қаладан кетуді таңғы сағат 8-ден кешіктірмей жүзеге асырған жөн. Бағыт   «Альтекс» тур кешенінен басталады және Сайрамсу өзенінің кең әрі көрікті шатқалы арқылы өтеді. Оңтүстік шығыста Сайрам шыңының   (теңіз деңгейінен 4236м.) ақ ұшар басы мұндалап тұр. Тур кешенінен жоғары соқпақ жол алдымен өзеннің сол жақ, кейін оң жақ жағалауымен жалғасып жатыр. Бір сағаттан кейін Қырғилы жылғасын кесіп өтеміз. Енді жол Сайрамсудың оң жағалауымен оңтүстік-батыс бағытына апарады. Шатқалдың солтүстік және шығыс беткейінде әдемі арша ормандары, өзен қуысында қалың қайың орманы. 1 сағат жүрген соң Қапжайлау жылғасын кесіп өтеміз, асуға келіп тоқтаймыз. Бұдан әрі бағыт гүлгүл жайнаған альпі шалғындарынан өтеді. 2 сағаттық қиын емес көтерілу және соқпан жол көлге әкеледі. Сайрамсу көлі үлкен емес қазаншұңқырда өзен көздерінде теңіз деңгейінен 2500 м биіктікте орналасқан. Өзен аумағы шамамен 350 ш.м. Аса терең емес және судың мөлдірлігі түбін көруге мүмкіндік береді. Оңтүстік бөлігінде көлді толықтырып тұратын суық көздерінің ағыны бар. Көлдің батыс бөлігі қалың ашық жасыл түсті өсімдікпен жабылған.
    Қарақаттың ірі түптері мен алуан түрлі гүлдер демалу үшін қолайлы жағдай жасайды. Үш сағаттық демалу мен түстенуден (қалағандары өзеннің жоғары жағына шыға алады) кейін көтерілген жолмен төмен түсеміз.

Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.