Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Ғылыми зерттеу жумыстарынның жоспарына сәйкес 2025 жылдың 19-21 тамыз күндері ұлттық парк аумағында кездесетін бадам ағашының биылғы жемістеріне мониторинг жүргізіліп,кездесетін орындарының нақты координаталық нүктелері алынады.Бұл жұмыстарға биология ғылымдарының кандидаты Н.Е Звервтің нұсқаулығымен парктің қызметкерлері қатысты

1 1 1 1 1 1 1 1

2025 жылдың 13-14 тамыз күндері Сайрамсу көлі турмаршруты бойында және демалу алаңқайларында парк қызметкерлері тарапынан кезекті тазалық жұмыстары жүргізіліп,шамамен 200кг тұрмыстық қалдық арнайы орынға жиналды Жыл басынан бері ұлттық парк аумағына40 тоннадан астам әртүрлі тұрмыстық қалдық арнай палигонға шығарылды.Орман мен су табиғаттың сұлулығы,ал таза табиғат денсаулықтың кепілі! 

1 1 1

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Қазақстандағы табиғи байлыққа толы ең көркем өңірлердің бірі. Мұнда биік таулар, мөлдір өзендер, көркем көлдер мен ерекше әсем гүл алқаптары көздің жауын алады. Әсіресе көктем мен жаз мезгілінде гүлдеген қызғалдақтар мен тау бөктеріндегі жасыл желек ерекше әсер қалдырады. Паркте 2 000-нан астам өсімдік түрі мен 300-ге жуық  құс түрлері мен 59 сүтқоректілер кездеседі, олардың кейбірі Қызыл кітапқа енген. Бұл табиғи байлықты сақтау үшін парк аумағында аңшылық пен ағаш кесу қатаң шектеліп, табиғатты қорғау шаралары жүргізіледі. Әрбір азамат осындай әсем табиғатты келешек ұрпаққа жеткізу үшін оны көзінің қарашығындай сақтау бәріміздің міндетіміз.

 

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының бірі. Орманды алқаптар парк аумағының елеулі бөлігін қамтиды және олар биологиялық әртүрліліктің тірегі ретінде маңызды рөл атқарады. Алайда соңғы жылдары климаттың өзгеруі, антропогендік әсерлер мен табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы орман зиянкестерінің көбеюіне әкеліп соғуда. Осыған байланысты зиянкестерден қорғау шараларын ғылыми негізде жоспарлау мен жүзеге асыру өзекті мәселеге айналып отыр. Парк аумағында жиі кездесетін зиянкестер қатарына қабық жегіш қоңыздар (Ips typographus), жапырақ жегіш жәндіктер (Lymantria dispar) және түрлі саңырауқұлақ аурулары жатады. Ал қолданылатын іс-шаралар қатарына: мониторинг, санитарлық кесулер, биологиялық әдістер және химиялық өңдеу жатады. Мониторинг - феромон тұзақтары арқылы зиянкестердің таралуы бақыланады. Санитарлық кесулер - зақымдалған ағаштар дер кезінде жойылады. Биологиялық әдістер - экологиялық қауіпсіз биопрепараттар мен пайдалы жәндіктер пайдаланылады. Химиялық өңдеу - тек шектеулі жағдайларда және қатаң бақылаумен қолданылады. Орман зиянкестеріне қарсы күрес – экожүйелік тепе-теңдікті сақтау жолындағы маңызды бағыт. Сайрам-Өгем МҰТП аумағында кешенді, ғылыми негізделген әдістерді қолдану арқылы орман ресурстарының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.
 
Орман мен өсімдіктер дүниесінің өсімін молайту бөлімінің инженері: С.Адилхан
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.