Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Қозғалыс түрі – жаяу (альпинистік). Бағыттағы негізгі пунктер:  «Альтекс» СТФ кемпингі - Сайрамсу - өз., Көпжайлау өз. (жабайы альпинистер шатқалы) –Снежный асуы (3350 м), Владислав шыңы (3632). Бағыт ұзақтығы -30 км. 

Бағыт Өгем жотасының орталық бөлігімен өтеді.

1 күн.
Шымкенттен  Сайрамсу шатқалына  СТФ «Альтекс» кемпингіне (71км) дейін шығамыз.   Сайрамсу өзенінің жанындағы жақсы соқпақ жолымен жүріп, 2 сағаттан кейін Қапжайлау өзені – Сайрамсудың оң тармағына дейін жетеміз. Өзенге  түспей солға бұрыламыз. Жолымыз шығысқа жабайы альпинистер шатқалында ағатын Қапжайлау өзенінің жоғары оң жағасының бойымен жалғасады. Көтерілуге кеткен 1,5 сағаттан кейін жанында суы бар біршама үлкен алаңға жақындаймыз («Жасыл қонақ үйі»  деп аталады).  Бұл жерде базалық лагерьді орнатамыз.
2 күн
Ертемен жолға шығамыз (өзімізбен бірге азын-аулақ тамақ, су немесе шаймен термос аламыз). Оң жағалаумен шамамен жарты сағат жүреміз, кейін сол жағалауға өтеміз. 35 минуттан кейін соқпақ жол Түркістан шыңы мен саланың оң иығына шығарады. Бұл жерден Снежный асуының орта тұсы мен оған келетін барлық жол жақсы көрінеді. Бір сағаттан соң асуда боламыз. Владивосток шыңы оңтүстік-шығыстан жақсы көрінеді және солтүстік – шығысы құламалы, ал оңтүстік-батыс тас плиталары шығыңқы ұсақ таспен жабылған тегіс құзды, үшкір басты шыңды елестетеді. Шыңға саланың оңтүстік –батыс беткейімен бел биіктігінің деңгейінде батыстағы тас плиталарын айнала қозғаламыз. Үйінді беткей тастарымен жүру қауіпті,  топпен жүруді және жоғары бөлікті бақылауды талап етеді. Шыңында оңтүстік-батыс Тянь-Шань тауы – шатқал жотасы мен Шамған, Піскем таулары және Өгем жотасының көрінісі ашылады.
    3 күн.
    Күндіз Сайрамсу бойында серуендеу (қалаушылар жоғары өзендерге бара алады). Кешке «Альтекс» СТФ кемпингінен  шығу.
Ұлттық паркпен жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын қызмет үшін тарифтер  Орман және аңшылық комитетінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген (қызмет атауы мен тарифтер теңгемен көрсетілген).

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.