Қош келдiнiздер!
Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам - Өгем МҰТП аумағы мен жақын орналасқан аудандарда жүргізілген 140 жылдық орнитологиялық тексерулер кезеңінде құстардың 300 түрі анықталды. Экспедициялық жұмыс кездесулері уақытында 131 түрі кездесіп, оның ішінде 10-ы ҚР Қызыл кітабына енгізілді. Алуан түрдің көпшілігі Қаржантауда (103 түр), Талас Алатауы (98), Өгем жотасы (92) және Машат –Даубабин тауында (66), Қазығұрт (63), Майданталда (48) белгіленді. Сондай-ақ, соңғы жағдайда бас жағы ғана зерттелгенін ескерген жөн.
Батыс Тянь-Шаньға тиесілі  117 индикаторлы құс түрлерінен 30-ы кездеспеді. Соңғыларынан  құмай (Gypshimalayensis) сақалды құр (Perdixdauurica) мұнда ешқашан кездеспеген.  Экспедициялық жұмыстар құстардың көшіп-қонуының көктемгі кезеңінің соңы мен күзгі кезеңінің басында жүргізілгендіктен, ұшуда құстардың бірнеше түрі кездеспеді. Оларға жатады: дала (Circusmacrourus) және батпақты ителгі (С. aeruginosus), қызғыш (Vanellusvanellus), тауқұдырет (Gallinagogallinago), көл шағаласы  (Larusridibundus), өзен бізтұмсық шағаласы  (Sternahirundo), дала жадырағы (Anthusrichardii), сары қаратамақ (Motacillaflava), қаратамақты  жылқышы (Prunellaatrogularis), үнділік (Acrocephalusagricola), бырылдақ торғай (A. arundinaceus) және қамыс айқабағы  (A. scirpaceus), қызылбауыр қызылқұйрық (Phoenicuruserythrogaster) және  алабұлбұл (Lusciniasvecica). Басқа түрлері,  дала күйкентайы   (Falconaumanni), қырғауыл (Phasianuscolchicus), шәуілдек (Crexcrex), қоңыр (Columbaeversmanni) және құзды көгершін (С. rupestris), үй байғызы (Athenenoctua), балықшы (Alcedoatthis), жағалық (Ripariariparid) және тау қарлығашы  (Ptyonoprognerupestris), үнділік бозторғай  (Alaudagulgula), қар (Montifringillanivalis) және құлакер құнақ (Rhodospizaobsoleta), мұнда жыл сайын мекен етпейді немесе бұл орынды толық зерттеуге мүмкіндік болмады. Қаршығарең сандуғаш   (Sylvianisoria), осы аймақтың қалыпты ұялаушы түрі,   өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап (Ковшарь, Чаликова, 1992). ұшуында кездеседі. Сонымен қатар, экожүйеде кездесу фактісі бойынша индикаторлық түрлерге бөлуді дұрыс емес деп санаймыз. Құстар қозғалысы өте жылдам болғандықтан олар әрбір жерде болуы мүмкін. Сыныптарды талдауда оларға тән емес биотоптарда кездестірілмеген индикаторлық түр санынан кейбірі жойылып кетті. Аққанат тоқылдақты (Dendrocoposleucopterus) қарағашты орман алабында, ал тауларда – қамыс талдарының арасында көрген, жыршы шымшық (Acanthiscannabina) пен үнді шымшығын   (Passerindicus) – аршалы сирек орманда, сары басты қаратамақты  (Motacillacitreold) – альпілік және субальпілік белдеу шабындықтарында көрген. Сонымен, индикаторлық түрлердің жекелеген жоталары бойынша кездестірілгендер саны (87 ішінен) мынадай түрде бөлінді: Талас Алатауы - 77 түр, Өгем - 68, Каржантау - 67, Машат-Даубаба - 58, Қазығұрт - 39 және Майдантал - 38. Жекелеген тау жүйесінде олардың әрбіреуінің саны орташа 68% асты. Сондай-ақ, әрбір жота орналасқан жері бойынша, теңіз деңгейінен биіктігі,  антропоген  ландшафты, геологиялық құрылымы, климаттық жағдайы және басқа факторлармен бір-бірінен ерекшеленеді. Осының барлығы әрбір жекелеген учаскелердің орнитофаунасын құруда өз сипатын тапты. Сонымен, биік тау жоталармен тау бөктеріндегі алқаптардан оқшауланған Майданталда тау бөктерінің құстары, керісінше Машат, Даубаба мен Қазығұртта биік тау құстары кездеспеді. Белгілі болғандай, жалпы барлық қатысушылар үшін тек 11 түр бар – ергежейлі бүркіт  (Hieraaetuspennatus), кәдімгі күйкентай, кеклік, сасық көкек, сұр сандуғаш, жасыл сарықас, сұр шыбыншы, қара барылдақ торғай,  кәдімгі құралай, сарғалдақ сұлыкеш.  Қазғұрттан басқа барлық жоталарда бөдене, үлкен түркептер, кәдімгі сушылқара, қызғылпа сайрақ және көкқұс кездесті, кей жерде осы түрлерге арналған әдеттегі ұя салатын орындары жоқ. Сондай-ақ, кездескен құстардың бірі - жарты ғасыр бұрын бір қалыпсыз Өгем бойынша таралған  көк сайрақ (Monticolasolitarius) (Корелов, 1956) кездесті, Талас Алатауына (Шульгин, 1965; Шевчен­ко, 1948; Ковшарь, 1966) тән.  Осындай мысалдарды бұдан әрі кездестіруге болады.  Негізінен жоталардың орнитофаунасы бір бірінен ерекшеленеді. Бір түрдің таралу саны мен сипаты да әртүрлі. Сондықтан, барлық жоталардығы биокешенді кешенді күзету ғана өңірдің барлық био алуандығын сақтауға мүмкіндік береді.
Бұған дейінгі зерттеушілермен жинақталған мәліметтерді талдай отыра, кейбір құс түрлері санының кемуін зерттей келе, олардың көпшілігі қазіргі уақытта еліміздің Қызыл кітабына енгізілді. Сонымен біз бұл жерде кездестіре алмаған құстар:
лашын (Falcoperegrinus), ителгі (F. cherrug) және қара кезқұйрық (Milvusmigrans) кезінде ауданның бүкіл таулы бөлігін мекен еткен (Корелов, 1956; Долгушин, 1962; Ковшарь, 1966). Құзғын  (Neophronpercnopterus), ақбас құмай (Gypsfulvus), қара күшіген (Aegypiusmonachus), жыланжегіш (Circaetusgallicus) және сұр ірі жапалақ (Strixaluco) саны мейлінше азайды. Мұның негізгі себебі адамдардың ұялаған жерінде құстарды мазалауы, сондай-ақ жем-азық қорының азаюы деп ойлаймыз. Біз Өгем алабында қоңыр кептерді де кездестірмедік (Корелов, 1956). Алқаптарды жаппай жыртуға, жайлау шөптерін шабуға  байланысты боз торғай саны кеміді. Кезінде Қаржантауда көптеп мекен еткен дала (Melanocoryphacalandra), екі таңбалы (М. bimaculata) және сүйрек тұмсықты  (Calandrtllaacutirostris) боз торғайдың (Корелов, 1956) санаулысы ғана кездесті. Қазіргі уақытта елді-мекендерде ұя салатын қызықұйрық тағанақ та сиреп кетті (Корелов, 1956; Ковшарь, 1966). Сонымен бірге, мұнда 50 жылдан астам уақыт кездеспеген Талас Алатауының бөктерінде қырғауын пайда болды (Ковшарь, 1966). Бұрын ұя салған жерде кездеспеген кәдімгі тілеміш  (Buteorufinus), құйын (Columbapalumbus), көкқұс, сары шымшық саны артты.
Адам өмірі мен оны қоршаған табиғат ежелден бір бірімен байланысты. Ғасырлар бойы құстардың адамдармен өзара байланысы қалыптасып, олармен бірге жаңа аумақтарға бейімделді. Мұндай жағдай бізде де орын алды, адамдар тұрақты тұрып жатқан таулы жерлерге сақиналы (Streptopeliadecaocto) және кіші түркептер  (S. senegalensis), кәдімгі қараторғай (Sturnusvulgaris), дала шымшығы (Passermontanus), ұзын құйрықты және кіші тағанақ,  сасықкөкек, , қызыл тұмсық (Hirundorusticd) және секпілтөс қарлығаш(daurica), қараторғай  көтерілді. Егер төрт түр елді-мекендерден әрі аспайтын болса, қалғандары (олардың саны тым көп емес) – жоғарыға сәтті көтеріліп басқа биотоптарға бейімделуде.  Сонымен қатар, қолдан еккен ағаштар санынан орман алқабының ұлғаю, сондай-ақ олардың жасы бұл жерлерде мысық торғай, сауысқан (Picapica), жұмақ (Terpsiphoneparadisi) және сұр шыбыншы, бұқар мысықторғайы, оңтүстік бұлбұлы, қара барылдақ торғай, маубас жапалақтың (Otusscops), аққанатты тоқылдақ пен құйынның (Columbapalumbus) көбеюіне әкеледі. Егін шаруашылығы бар тау бөктеріндегі аудандардың айналасындағы алқаптарда, сайларда, каньондарда, тастар мен басқа да адам баспайтын жерлерде бірнеше құстар мекен етеді. Жем-азықтың молшылығынан бұл жерлерде құстар саны басқа биотоптарға қарағанда едәуір көп  (Қазығұрт, Машат, Даубаба). Адамның шаруашылық жүргізуінің нәтижесінде биотоптардың өзгеруі салдарынан құстар түрінің құрамы өзгереді, мұндай оқиға Жабағлы ауылы маңында ағаш түптерін кесу салдарынан орын алды. (Чаликова, 2001). Осындай жағдайлар ерекше қорғауға алынған құстар үшін қауіпті, себебі бұл олардың осы аудандардан жойылып кетуіне әкеледі. Сондықтан, құстардың алуан түрлілігін сақтаудың басты  шарты табиғи мекен ету ортасының өзгеруіне жол бермеу болып табылады.


БҮРКІТ

Сипаттамасы

Негізгі белгілері

Биология

Мекен ету жері

Қара-қоңыр түсті желке қауырсынының төмен бөлігі біршама ақшыл және мойыны ұзындау әрі сүйірленген, ішкі желпуіші сары немесе қызғылт сары, қоңыр немесе қара, қара қауырсын қанатында сұр мраморлы суреті бар ересек құс. Бағыт қанаты қара сызықты қара-қоңыр әрі көлденеңді суреті бар. Қауырсынындағы оңып кеткен түс бозарып тұрады, құстың жалпы түсі қоңыр-құбаға айналады. Тұмсығы қара, ұшы көгілдір-сұр; ауы қуысы мен аяқтары сары, қарашығы  қоңыр. Жас құстарда қауырсын  жүні негізі ақпен қара –қоңыр болып келеді, кейде ішкі жағы көрініп тұратын, бірақ көбіне ұзын қауырсынының қара қоңыр ұштарымен жабылып тұрады; басы мен мойыны ашық сары, көбіне ұзын қауырсындарында секпілі бар, төбесінде қара-қоңыр телпегі ылғи болмайды. Қанаттарының астындағы қауырсындары сопақша ақ түсті дақпен. Құйрығының ұшы қалың ақ жолақты. Аяқтарындағы қауырсын ақ, кейде тарғыл қоңыр түсті. Кейінгі сипаттамасы ақ түстің азаюуымен ерекшеленеді — басынан бастап аяғына дейін біртіндеп қара түске енеді.  Бүркіттің соңғы кейпі өмірінің бесінші жылы пайда болады.  Еркек бүркіттің қанаты    59—66, ұрғашы 65—74 см. Еркек бүркіт салмағы 2,8—4,1, ұрғашы 3,8—6,3 кг.

Бүркіт —ірі және күшті, сымбатты құс  алыстан бір түсті қара-қоңыр түстес болып көрінеді   (бірақ жас бүркітте құйрығында сондай-ақ қанаттарының астында ақ дақ байқалады). Ұшуы бірқалыпты әрі жылдам.  Ұшып бара жатқанда басқа бүркіттерден айырмашылығы ұзын құйрығымен ерекшеленеді.   Жақсы әрі ұзақ самғайды.  Қалыпты самғауда  қанаттарын саусақ тәрізді жаяды бірақ олжасын қуу кезінде буын тұсында қанатын сәл бүгеді,  осыдан олар ұзынша әрі сүйріктелген болып көрінеді. Құрбандығына бас салу үшін бүркіт аспан шыңында қанатын жартылай ашады.  Жылдам жүгіреді.   

Келу сипаты. Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Солтүстіктегі таралымы қыс уақытында ішінара оңтүстікке ұшады  

Әртүрлі жерде өмір сүреді: сексеуілдерде немесе жартастар биігінде, шыршалы ормандар мен құз жартастарында. Тіршлік етеуге қажетті шарт – кең ауқымды кеңістіктің болуы, себебі ормандарда аң аулау бүркіт үшін қолайсыз. Сонымен бірге, тегіс рельевті ормансыз жазық кеңістіктерді қаламайды.
Таралуы. Ұя салынатын учаскелер көп әрі тұрақты. Ұялардың бір біренен ара қашықтығы 2-3 км. Ұя жасауға наурызда немесе сәуір айының басында кіріседі, ұяны тау жартастарының қуыстарына, сексеуілде және басқа ағаштарға салады. Ұя жуан бұталардан жасалады, өсімдік сабақтары, әртүрлі жүн төселеді. Жаңа құс ұяларының жанында ескі ұялар да кездеседі. Ұяда 1-3 жұмыртқа көбіне екеуден болады. Ұрғашы құс жұмыртқаны шамамен 45 күн басады, еркек құспен әкелінген жем -азықты бөлшектеп балапандарын тамақтандырады. Балапандарға екі ай болғанда, ол өзі жем-азық іздеуге шығады. Бүркітшелер ұяда 75 күндей болады. Қанаттанып ұшқаннан кейін олар ұзақ уақыт ата-ана қамқорында болады. Ұшып шыққан жас бүркіттер Қазақстан аумағында шілде айының ортасында пайда болады. Тамақтануы. Бүркіттер орташа және ұсақ сүтқоректілермен (түлкі, қоян, суыр, борсық, саршұнақ кей кездері тышқан, кемірушілер) құстар (ұлар, кекілік, құр) тасбақа, өлексе, кейде жыланмен тамақтанады. Кейде ірі қара малдарға (сібір тауешкісі, қарақұйрық, арқар) шабуыл жасайды. Арнайы аң аулауға үйретілген бүркіт қасқыр, қарақұйрық, сайғақтарды аулай алады. Басқа жыртқыш құстар тарпынан осы ірі әрі жылдам бүркіт бәсекелестікті сезбейді. Өзінің ұясы орналасқан учаскеден барлық ірі құстарды қуып шықса, кішкентай және орташа құтарға тимейді (кептер және т.б.)

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Сайрам-Өгем МҰТП құстар тізімі 


Тұқымдас

Pelecanidae

Бірқазан

Pelecanus crispus Bruch

Бұйра бірқазан

Тұқымдас

Threskiornithidae

Тырнақұтан

Platalea leucorodia L.

Колпица

Тұқымдас

Ciconiidae

Ләйлек

Ciconia ciconia L

Ақ ләйлек

C. nigraL

Қара ләйлек

Тұқымдас

Anatidae

Үйрек

A. nyroca Guld

Ақ көзді сүңгуір 

Тұқымдас

Pandionidae

Сұңқар тәрізділер

Pandion haliaetus L

Балықшы тұйғын

Тұқымдас

Accipitridae

Қаршыға

Circaetus gallicus Gm

Жылан жегіш

Hieraaetus pennatus Gm

Ергежейлі бүркіт

Aquila nipalensis Hodgson

Дала бүркіті

A. heliaca Sav.

Қарақұс

A. chrysaetos L.

Бүркіт

Gypaetus barbatus L

Сақалды

Neophron percnopterus L.

Қарақұс

Тұқымдас

Falconidae

Сұңқар

Falco altaicus (Menzb.)

Алтай лашыны

F. cherrug Gray

Балабан

F. pelegrinoides Temm

Бидайық

F. peregrinus Tunstall

Лашын

Тұқымдас

Gruidae

Тырна

Grus grus L.

Сұр тырна

Anthropoides vigro L

Ақбас тырна

OtistardaL.

Дуадақ

Tetrax tetrax L.

Безгелдек

Chlamydotis undulata Jacquin

Жек дуадақ

Тұқымдас

Laridae

Шағала

Lams ichthyaetus Pall.

Қарабас өгізшағала

Тұқымдас

Pteroclididae

Шұбарлы

Pterocles orientalis L.

Қарабауыр бұлдырық

P. alchataL.

Ақбауыр бұлдырық

Syrrhaptes paradoxus Pall.

Қылқұйрық бұлдырық

Тұқымдас

Columbidae

Көгершін

C. eversmanni Bonap

Қоңыр көгершін

Тұқымдас

Strigidae

Жапалақ

Bubo bubo L

Үкі

Тұқымдас

Turdidae

Барылдақ торғай

Myophonus caeruleus Scop

Көкқұс

Тұқымдас

Fringillidae

Құралай

C. rubicilla Guld

Үлкен құралай

Туризм саласындағы қызметтер
Парк аумағында 10 туристік бағыт ұйымдастырылып, олардың паспорттары Орман және аң шаруашылығының 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 93 бұйрығымен бекітілген.