Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Ұлттық парктің индикативті жоспарына сәйкес Өгем орманшылығындағы 97 га учаскеде азықтық плантацияларды екінші қайтара механикалық күтіп-баптау жұмыстары толығымен жүргізілді. (Тамыз айы)

Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің 2023 жылғы жоспарына сәйкес 21.08.2023 «Ботаника және фитоинтродукция» институты «Геоботаника» зертханасының аға-ғылыми қызметкері биология ғылымдарының кандидаты Н.Е. Зверевтің қатысуымен кезекті «Выращивание декоративных древесно-кустарниковых растений в питомнике» атты семинар өтті. 

Семинар барысында Ұлттық парк аумағында кездесетін ағаш-бұталылардың тұқымбақта өсірілуі жайында презентация көрсетіліп, баяндама жасалынды.

22 1 22 1 22 1 22 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.