Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

16.09.2023ж. күні "Дүниежүзілік тазалық күні" (World Cleanup Day 2023) экологиялық акциясы Ұлттық парктің Сайрамсу орманшылығы мен оған іргелес аумақтарында колледж студенттері және еріктілердің қатысуымен бірлесіп жүргізілді.

 

Жәндіктердің жер бетіне кең таралғандығы соншалықты, олардың кездеспейтін жері жоқ. Мәңгі мұз үстін, жай суды былай қойғанда, 55ºС-қа дейін жететін ыстық суларда (қайнарларда),  жерде, ауада, топырақтың ішінде т.б. Жәндіктерді (омыртқасыз жануарларды,  насекомдарды) зерттейтін ғылымды энтомология дейді. Ол гректің «ентома» - жәндік және «логос» - ғылым деген сөзінен шыққан. 
Түр алуандығы, адаптация түрлері, көбею жылдамдығы және экожүйеге қуат беруде табиғатта омыртқасыз жануарлар басты роль атқарады. 
2006-2022 жылдардағы зерттеу нәтижесінде  Ұлттық парк аумағында омыртқасыз жануарлардың 62 отрядқа жататын 364 тұқымдас 1511 түрі анықталды. Қазақстанның Қызыл кітабына енген омыртқасыз жануарлардың ұлттық парк аумағында 9 түрі кездеседі. (Ағаш дәуіті, қысқақанатты Боливария дәуіті, көрнекті шоқпарқарынды инелік, қоңырқанатты шегіртке, сұр шегіртке, Түркімен ала көбелегі, Вискотт сары көбелегі, Якобсонның филлоргериясы, алып солия, Алексанор көбелегі).
Жалпы коллекция саны – 850.
1 1 1 2 1 3 1 4  1 5
Қырық Қыз – көне тарихи, табиғи ескерткіш. Ескерткіш Қазығұрт ауданы аймағында екеу. Көп замандардан бері табиғаттың өзі жаратқан киелі ескерткіш болып саналады. Ертеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугершілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп жатқан 40 қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар құдайға «Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!» деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау әскері қара тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі. Бұл ескерткіш тасмүсіндер Тұрбат ауылының солтүстік-шығысындағы Аққұм өзенінің бастау алар жерінде. Ауылдан 5–6 шақырым жердегі сарқырама жардың қасында. 
«Қырық қыз» деп аталатын екінші тас мүсіндер Өгем қойнауына түсе беріс жерде – Қазығұрт тауының оңтүстік-шығысында 4–5 шақырымдай қашықтықта. Етегінде Өгем өзені ағып жатқан Өгем қойнауына түсе беріс жер күрт ылдилап кететін бұралаң жолға айналады. Тас мүсіндер осы мүйістердің бірінде. Аңыз бойынша бұл тасқа айналған қырық қыздың бейнесі. Мұнда да жаугершілік заманы тілге тиек етіледі. Бір ерекшелік – осы тас мүсіндер маңында алшақтау тұрған жеке тас-мүсін бар. Оны жұрт «Күйеу тас» деп атайды. Осыған қарағанда бұл жолы қыздар күйеу жігітті ертіп барып, Қазығұртқа сыйынып келе жатқан болса керек. Олар көз ұшында көрініп тұрған етектегі ауылға жете алмай, тас мүсінге айналған. Ел осы араны қасиетті орынға санап, қастерлеп жүреді.
1 1 1 2

29.08.2023 ж. күні Ұлттық парк дирекциясында парк қызметкерлері мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім меңгерушісі Б.Мусалиевтің қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру" тақырыбында жиналыс өткізілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз!

image 05 09 23 09 01 1 image 05 09 23 09 01 2 image 05 09 23 09 01 3 image 05 09 23 09 01

Ұлттық парк аумағында мекен ететін жабайы аң-құстарға биотехниялық іс-шаралар жүргізіліп, яғни жануарларды мекен ету ортасына үйрету, санын көбейту мақсатында 6,3 т тұз, 5,5 т жем және 10,5 т жүгері берілді, оған қоса 3 дана мұнара (бақылау нүктесі), 19 дана жем-шөп салатын науа, 30 дана құс ұялары мен астаулары орнатылды.

image 05 09 23 03 21 1 image 05 09 23 03 21 2 image 05 09 23 03 21 3 image 05 09 23 03 21

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.