
14.06.2023 ж “Shymkent” қонақүйінде жеке тұлғалардың және туристік топтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бару қауіпсіздігіне арналған семинар өтті. Семинарға 20-дан астам экскурсия жетекшілері мен туризм нұсқаушылары қатысты. Жетекші сарапшылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережері мен туристерге алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты қауіпсіздіктің техникалық аспектілері туралы толық мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар өз кезегінде өрт қауіпі бар маусымы кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат алды.
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І:
1. «Парктер шеруі-2023» табиғатты қорғау акциясының қорытындысы.
2. Құстар мен жануарларға жүргізілген көктемгі санақ жұмыстарының қорытындысы.
3. Орманды өрттен қорғау шараларының орындалу барысы туралы.
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты» жұмыстарының орындалуы жөнінде.
5. Ғылыми-техникалық кеңестің құрамын ауыстыру.
6. Әртүрлі мәселелер.
"Парктер шеруі-2023" табиғат қорғау акциясы аясында өңіріміздің түрлі мекемелері және ұйымдарымен бірлесіп, жалпы 17 іс-шара өз деңгейінде өткізілді. Балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, студенттер, ұстаздар, түрлі мекеме қызметкерлері және облыс, қала тұрғындарына экологиялық, танымдық іс-шаралары өткізіліп, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, соңында белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Алдағы уақытта түрлі экологиялық іс-шаралар өз жалғасын табады.
Барлық іс-шараларымызға белсенді түрде атсалысқан қатысушыларымызға өз алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерден туындайтын табиғат пен биологиялық алуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық туризмді дамыту және 2022-2025 жылдарда орман қоры жерлерінде 2 млрд, елді мекендерде 15 млн түп ағаш егу, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру және «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасындағы іс шараларды және сонымен бірге Мемлекет басшысының 2022 жылғы қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген жер мен табиғи ресурстарды сақтау және тағы басқа міндеттерді орындау бойынша
Қазрігі таңда 2023 жыл 34,4 га жерге 32161 дана жеміс ағаштары егілді. Орманды қалпына келтіру мен түтім жұмыстары жалғасуда.