Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 21.01.2026 Nº27-03/15-HҚ бұйрығына сәйкес ұлттық парк мемлекеттік инспекторларының ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін хаттамалар толтыру мәселелері бойынша орман өртін сөндіру қызметтері, орман ресурстарын тимді пайдалану жене табиғи кешендерді қорғау, күзету, молайту саласында білімін жетілдіру және оларға нұсқаулық беру мақсатында Өгем филиалында 19-20.02.2026 жыл күндері аралығында техникалық минимум сабағы өткізілді.

 

  

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің
21.01.2026 Nº27-03/15-HҚ бұйрығына сәйкес ұлттық парк мемлекеттік
инспекторларының ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін хаттамалар толтыру мәселелері бойынша орман өртін сөндіру қызметтері, орман ресурстарын тимді пайдалану жене табиғи кешендерді қорғау, күзету, молайту саласында білімін жетілдіру және оларға нұсқаулық беру мақсатында Түлкібас филиалында 12-13.02.2026 жыл күндері аралығында техникалық минимум сабағы өткізілді.

 

Сайрам-Өгем МҰТП-де конституциялық реформаны талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Негізгі мақсат – аталған реформаның өзектілігін кеңінен түсіндіру және еңбек етіп жүрген мамандардың көзқарастарын ортаға салу.
Іс-шара барысында қатысушылар конституциялық өзгерістердің елдің тұрақты дамуына, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар жиын барысында реформаны іске асыру барысындағы маңызды бағыттар талқыланып, қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Мұндай басқосулар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың елдегі саяси өзгерістерге белсенді араласуына ықпал ететіні айтылды.

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.