Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

27.02.2026 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Түркістан өңірінің ұлы тұлғасы Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіндегі Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығы және Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 20 жылдығына арналған  «Табиғи ландшафттардың экологиялық маңызы және ұлы тұлғаның этнотуризмді дамытудағы орны»  атты  ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға ұлттық парк  пен қорық мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты: Табиғи ландшафтарды сақтау, этнотуризмді дамыту және тұрақты туризм бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау, ғылыми және тәжірибелік тәжірибе алмасу.

Семинарда қаралған негізгі мәселелердің бірі:

Ақсу-Жабағылы қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркінің биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі рөлі және даму перспективалары.

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.