Тарихи ескерткіштер – бұл маңызды мәдени, тарихи және сәулеттік құндылығы бар нысандар.
Ескерткіштер ұлттың мұрасын білдіреді, оларды сақтау - мәдени әртүрлілікті сақтау және дамыту үшін өте маңызды.
Тарихи ескерткіштер, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін білім беру және шабыт құралы ретінде қызмет етеді, оларға өткенге көз жүгіртуге және олардың қазіргі және болашақ туралы түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осындай маңызды нысандар облысымыздағы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында да кездеседі.
Дегенмен, еліміздегі вандализм мәселесі өте кең ауқымға ие болуда.
Вандализм – кез келген материалдық құндылықтарды, соның ішінде ақпаратты қасақана жою.
Өткен жылдың өзінде елімізде тарихи-мәдени мұра нысандарына түрлі суреттер мен жазулар салу, плакаттар, азғындық мазмұнының фотсуреттерін ілу, боялармен, кірлермен ластау т.б. сияқты мыңнан астам факт тіркелген.
Өз кезегінде, мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен, қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорғалған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 294-бабына сай қылмыстық жаза қарастырылған. Сондықтан, қоғамның бірегей ерекшелігін сақтауға ықпал ететін тарихи-мәдени объектілерге қиянат жасалмауы тиіс.
Сіз бен біздің міндетіміз – тарихи бай мәдени мұрамызды сақтап, оны зерделеп, келесі ұрпаққа аманат етіп тапсыру.