Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

2024 жылдың 15-16 мамыр күндері Ұлттық парктің Өгем филиалына іргелес жатқан Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылдық округінде «Өрт-2024» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өткізілді. 
Аталған іс шараға Түркістан облысының  Төтенше жағдайлар департаменті,  Ақсу-Жабағылы қорығы, Түкістан облысының орман шаруашылығы мекемелері, жергілікті полиция бөлімдері, медициналық жедел жәрдем, әскери қызметкерлер және Қазығұрт ауданы әкімшілігі қызметкерлері  мен жергілікті тұрғындар қатыстырылды.
Оқу-жаттығуға Сайрам-Өгем МҰТП –нен 2 өрт сөндіру автокөлігі, 2 МТЗ соқалы тракторы, 5 патрулдік автокөліктері, 1 мотоцикл, 30 адам жеке құрам және  өрт сөндіру құрал жадықтары жұмылдырылды.
Жалпы оқу-жаттығудың мақсаты орман, дала (табиғи) өрттерінің алдын алу және жою кезінде уәкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдары мен өзара әрекет етуінің үйлесімділігін жетілдіру. Еріктілер мен қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, халық арасында табиғи өрттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізу, өртті сөндіру тәсілдерін, эвакуациялық іс-шараларын, өрт кезінде адам шығынын болдырмау, алғашқы медициналық көмек көрсету және тағы басқа да іс-қимыл әрекеттері пысықталды.
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.