Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

"Парктер шеруі-2024" табиғат қорғау іс-шарасының салтанатты ашылуы. Жыл сайын 23-наурыз және 5-маусым күндері аралығында табиғат қорғау мекемелері "Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясын өткізеді.? Өсіп келе жатқан жас ұрпақ буынды табиғатты сүюге, аялауға, экологиялық мәселелерге оң көзқараспен қарап табиғат тазалығын сақтауға шақырамыз. Парктер шеруі табиғат қорғау акциясының ұраны: "Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық!"⛰️

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.