24.10.2023 жылы облыстық және қалалық құзырлы органдардың және ұлттық парк қызметкерлерінің қатысуымен
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес «Жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиналыс соңында саналы ғұмырын орман шаруашылығы саласына арнап жүрген Ж.Тұрғанов, Қ.Жүнісов сынды ардагерлеріміз және басқа да ұлттық парк қызметкерлері ҚР Экология және Табиғи ресурстар министрінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.