19.10.2023 жылы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің жоспарына сәйкес кезікті Сайрам-Өгем МҰТП-і флорасын түгендеу, оның мониторингі, өсімдік жабындысы жүйесінің сипаты атты кезекті семинар өтті.
Семинарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Биология және география" кафедрасының аға оқытушысы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ибрагимов Т.С "Дермене жусаны (Artemisia cina) өсімдігінің өсу ареалы мен биоэкологиялық ерекшеліктері жайында баяндама оқыды.
Семинарға бөлім қызметкерлері және М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың магистранттары қатысты.