Ұлттық парктің Төлеби филиалы Сарыайғыр шатқалында 14-қазан күні "Орман шаруашылығы қызметкерлері күні" іс-шарасы өткізілді.
Іс-шарада орман шаруашылығы саласының ардагерлері, облыстық орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының өкілі, Қаратау табиғи қорығы мен ұлттық парк қызметкерлері қатысты.
Іс-шарада қызметкерлерге түрлі "Алғыс хаттар" үлестіріліп, бағалы сыйлықтар берілді.
Сонымен қатар, жерді жалға алған "Leader-W" жер пайдаланушы аумағына 10 дана қылқан жапырақты ағаш көшеттері аумақты абаттандыру мақсатында отырғызылды. Жалпы іс-шараға қатысушылар саны - 100.
Кәсіби мереке құтты болсын!