22-23 шілде күндері openturkistan ұйымдастыруымен "Түркістан таулары" атты экотуристік фестивалі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өткізілді.
Іс-шараға 150-ден астам қатысушылар келіп, оларға тауда жүру ережелері мен барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды бірінші орынға қою ескертілді.
Түрлі мазмұндағы топтық сайыстар өткізіліп, іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталды.