Ғылыми-Зерттеу жұмыстарының 2023 жылғы жоспарына сәйкес Ұлттық парк аумағындағы кездесетін өсімдіктерді инвентаризациялау (түгендеу), зерттеу мақсатында ағымдағы жылдың 19-23 маусым аралығында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Ғ.Жеңісбекұлы және аға ғылыми қызметкерлері А.Умирзакова, А.Дилдабаева және «Ботаника және фитоинтродукция иститутының» ғылыми қызметкері Рамазанова М.С., қатысуымен Өгем филиалының Бақшелпек шатқалына іс-сапарға барды. Іс-сапар барысында өсімдіктердің гербарийі жиналып, зерттеу жұмыстары жүргізілетін болды.