"Парктер шеруі-2023" табиғат қорғау акциясы аясында өңіріміздің түрлі мекемелері және ұйымдарымен бірлесіп, жалпы 17 іс-шара өз деңгейінде өткізілді. Балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, студенттер, ұстаздар, түрлі мекеме қызметкерлері және облыс, қала тұрғындарына экологиялық, танымдық іс-шаралары өткізіліп, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, соңында белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Алдағы уақытта түрлі экологиялық іс-шаралар өз жалғасын табады.
Барлық іс-шараларымызға белсенді түрде атсалысқан қатысушыларымызға өз алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз.