ЕҚТА аумағындағы қауіпсіздік пен тазалық – баршамызға ортақ міндет! Мереке күндері Ұлттық парк қызметкерлері парк аумағына келушілерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) болу ережелері, демалыс орындарында тазалық сақтау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сайрамсу, Қасқасу шатқалдары мен Балықтыкөл орман айналымдарында демалушыларға: — жеке бас қауіпсіздігі — өрт қауіпсіздігі қағидалары — санитарлық талаптарды сақтау жөнінде ақпарат берілді Табиғатты қорғайық! Демалушыларға тамақты тек арнайы от жағатын орындарда әзірлеу, демалыстан кейін қоқысты арнайы орындарға жинау қажеттігі түсіндірілді. Бұл — тазалық пен қауіпсіздікке қосқан үлкен үлес! Сонымен қатар, Қасқасу шекара бөлімшесімен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, шекаралық аймақта жүру тәртібі мен жеке құжаттарды тексеру бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Табиғатты бірге сақтайық!











