Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Мектеп жасындағы жасөспірімдерді туған жер табиғатын аялап, сақтауға үйрету, олардың экологиялық білімдерін жетілдіру, орман шаруашылығы жөніндегі практикалық жұмыстарға дағдыландыру, еңбекке баулу мақсатында «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында И. Рыбалко атындағы жалпы білім беретін мектебінде мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы 25сәуір күні ұйымдастырылды. Іс-шара аудандық денгейде өткізілді. Іс-шара барысында мектеп ауласына Ұлттық парк тарапынан бөлінген: 
10 дана шынар 
10 дана жай арша 
10 дана боз арша 
10 дана қарағай барлығы 40 дана ағаш көшеттері отырғызылды. 

Мектеп оқушылары мен ұстаздары ағаш көшеттерін егуге белсене атсалысты. Әр сыныпқа бөлінген арнайы орындарға ағаш көшеттері отырғызылып, алдағы уақытта отырғызылған көшеттер күтімі мектеп оқушыларына жүктелді. Авторы: Сайрам-Өгем МҰТП, Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің рекреация және туризм инженері-А.Қалдыбаева.

     

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.