Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

«Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күні» Бүгін табиғатты аялау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында С.Рахымов атындағы әскери колледжімен бірлесе ағаш отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылды. Игі шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза Қазақстанды қалдыруға бағытталған маңызды қадам жасады. Табиғатқа жанашырлық – әрбір азаматтың борышы! Бірге әрекет етейік, бірге көркейтейік! #ТазаҚазақстан #АғашОтырғызу #ЖасылЕл #Экология #ТабиғаттыҚорғау

      

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.