Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Түркістан облысындағы Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарының таулы аймағында орналасқан жалпы аумағы 149037 гектар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне Өгем, Қаржантау, Иірсу-Дәубаба, Боралдайтау және Қазығұрт тау жоталары кіреді.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар  министрлігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіруі, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының көпшілік алдындағы баяндамаларын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.