Тянь-Шань қоңыр аюы қонжықтарымен серуендеуде.
Табиғатта жабайы жануарлар балаларымен жүргенде өте қауіпті. Сол себепті өздеріңізді жануарлардан алшақ ұстаңыз!
Жалпы жабайы жануарларға жақындамауға кеңес береміз.
Флора мен фаунаны қорғайық!
автор:@alex_travel_guide
@travel_guide_mountain
Ғылыми-Зерттеу жұмыстарының 2023жылғы жоспарына сәйкес Ұлттық парк аумағындағы омыртқасыз жануарларын түгендеу, зерттеу мақсатында ағымдағы жылдың 15-18 мамыр аралығында ғылым,ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Ғ.Жеңісбекұлы, аға ғылыми қызметкерлер А.Умирзакова, М.Балабиева және ҚР Зоология институтының қызметкері, б.ғ.к Есенбекова П.А., қатысуымен Түлкібас филиалы Көкбұлақ, Бозторғай шатқалдарына іссапарға барды. Іссапар барысында омыртқасыз жануарлардың коллекциясы жиналды, зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.