Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің қызметкері кәсібіндегі қызықтар жайлы айтып берді

29.10.20Нұр-Сұлтан қаласында үздік инспекторларға, орманшыларға және табиғатты қорғауға атсалысып жүрген белсенді азаматтарға орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін сақтау саласындағы “Елім-ай” сыйлығы берілді.

Шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Республика. Аймақ. Даму» қоғамдық қоры ұйытқы болды.

“Елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұңғыш рет орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін қорғау саласындағы «Елім-ай» сыйлығын табыстау арқылы біз саладағы үздік мамандарды, жануарларға, жабайы табиғатқа, экологияға жаны ашып, өз еріктерімен қоғамдық істердің басында жүрген азаматтардың еңбегін атап өткіміз келді», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев іс-шараның ашылу салтанатында.

Түркістан облысындағы Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарының таулы аймағында орналасқан жалпы аумағы 149037 гектар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне Өгем, Қаржантау, Иірсу-Дәубаба, Боралдайтау және Қазығұрт тау жоталары кіреді.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар  министрлігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіруі, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының көпшілік алдындағы баяндамаларын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.