Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Қазіргі таңда ұлттық парк тексеру бақылау бекеттеріне каспи қосымшасын пайдалану арқылы төлемдер жасауды қолға алуда. Төлемді келесі жолмен жасауға болады: Төлемдер→Іздеу(поиск)- Сайрам-Өгем ұлттық паркі эко-бекеттері деп жазамыз ары қарай→Эко-бекетті таңдаймыз, астыңғы бөлігінде БИЛЕТТІҢ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ дегенге кіріп, ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ҮШІН және АВТОМОБИЛЬШІЛЕР ҮШІН батырмасы таңдалады.

Туристердің назарына! Ұлттық парк аумағындағы туристік маршруттарға барар жолдағы өзен арналарының тасып ағуын ескере отырып, келуші туристерге қауіпті болуына орай ЕСКЕРТЕМІЗ:

Ұлттық парктің № 2 Сусіңген көлі, № 5 Сарыайғыр өз. Сусіңген көлі - «Оңтүстік» турбаза,  №8 Қасқасу-Сусіңген бағытына арнайы лицензиясы бар жол серіктермен шығуға ғана рұқсат беріледі, басқа жеке адамдардың ол бағытқа шығуы шектеледі, шектеуді бұзған жағдайда Әкімшілік жауапқа тартылатыңыздарды ескертеміз.

Ұлттық парктің аумағы шекаралық аймаққа кіретіндіктен тауға шығатын туристерде өздерімен бірге жеке бас куәлігі болуы қажет.

Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы

31.05.22 1 31.05.22 1

04.03.22 logoСмартфондар мен планшеттерге арналған карталарды, оның ішінде туристтік маршруттарға оффлайн режиміндегі навигация яғни таулы аймақтарда интернет желісінің болмауына байланысты Carry Map приложениесі Android және iOS платформаларында қолжетімді. Ендігі кезекте ұттық парк аумағына келген демалушыларымызға арналған осы мобильді қосымшаны ұсынып, таулы жерлерде офлайн режимінде қолдануға болады. Қасқасу-Сусіңген және Өгем-Мақпалкөл бағыттарында электронды смарткартасы жасалынды. Сілтемесі біздің ресми сайтымызда: http://www.sugnpp.kz

Өрт анықталған жағдайда байланыс нөмері:
8 (7252) 21-28-87
8 (7252) 21-27-52

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.