Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Қазақстандағы табиғи байлыққа толы ең көркем өңірлердің бірі. Мұнда биік таулар, мөлдір өзендер, көркем көлдер мен ерекше әсем гүл алқаптары көздің жауын алады. Әсіресе көктем мен жаз мезгілінде гүлдеген қызғалдақтар мен тау бөктеріндегі жасыл желек ерекше әсер қалдырады. Паркте 2 000-нан астам өсімдік түрі мен 300-ге жуық құс түрлері мен 59 сүтқоректілер кездеседі, олардың кейбірі Қызыл кітапқа енген. Бұл табиғи байлықты сақтау үшін парк аумағында аңшылық пен ағаш кесу қатаң шектеліп, табиғатты қорғау шаралары жүргізіледі. Әрбір азамат осындай әсем табиғатты келешек ұрпаққа жеткізу үшін оны көзінің қарашығындай сақтау бәріміздің міндетіміз.