Ұлттық парк аумағында "Бірге таза Қазақстан", яғни аумақты тазалау іс-шарасын қалалық "Шымкент университеті" студенттері мен парк қызметкерлері бірлесіп өткізді. Осындай "Тазалық" іс-шарасын әр айда ұйымдастыру үрдіске қойылды.
26-сәуір күні Ұлттық парк дирекциясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы - Жұмабек Бағдат, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры, т.ғ.к. - К.Анарбаев, аумақтық инспекция орман және ЕҚТА бөлімінің бас маманы - Ш.Қарабала және парк қызметкерлерінің қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтық қызметшілердің әдептілік мінез-құлқы" тақырыбындағы ақпараттық жиналысы өткізілді.