Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

06.04. күні Ұлттық парктің ұйымдастырумен «Парктер шеруі-2023» табиғат қорғау акциясы аясында Кеңес одағынын батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық, «Жас ұлан» мектебінде көгалдандыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға мектептің 350 ұланы, 130 офицер, ұстаздар мен ұлттық парк қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында 15 дана боз арша, 10 дана жеміс ағашы, 30 дана жалпақжапырақты көшеттері мектеп ауласына отырғызылды.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.