Олардың арасында өмір жолдарын осы салаға арнаған “Орманшы әулеттері” де жетерлік.
Оңтүстік өңіріміздегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымында сондай әулеттің бірі-Жиренбаевтар әулеті.Әулеттің үлкені-Жиренбаев Барат ақсақал,Өгем орман шаруашылығында 1957 жылдан 1987 жылға дейін орманшы болып қызмет атқарған. Осы саладан 1987 жылы абыроймен зейнетке шыққан.Ақсақалдың үш ұлы-Бақтияр, Шадияр, Тайыр еңбек жолын Өгем орманшылығының Келес орман бөлімшесінде бастаған. Қазіргі таңда кіші ұлы Тайыр аға орманшы қызметін абыроймен атқарып келеді.Тайырдың қызы Әсия да сол Өгем филиалында “Есепші” болып жұмыс жасайды. Барат ақсақалдың інісінің ұлы да Жиренбаев Бердібек осы бөлімшеде көп жылдан бері орман айналымының мемлекеттік инспекторы.