Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

? Ұлттық табиғи парктің бақылау-өткізу бекеті қызметкерлері күнделікті еңбегімен осы міндетті абыроймен атқарып келеді.
 
?♂️ Олар табиғатты қорғау ? мен экологиялық мәдениетті ? насихаттауда да өз үлесін қосып, парк аумағының қауіпсіздігін қырағылықпен қадағалайды.
 
? БӨБ қызметкері келушілердің журналға толық әрі нақты тіркелуін ✅, сондай-ақ тиісті түбіртектің беріліп, рәсімделуін ? қамтамасыз етеді.
 
♻️ Негізгі міндеттен бөлек, қызметкер айналаның тазалығына ерекше мән береді. Ол туристерге қоқыс салуға арналған био-пакеттер таратып, экологиялық мәдениетті дәріптейді.
 
✨ Бұл бастама табиғатты қорғауға шақырып қана қоймай, келешек ұрпаққа таза табиғатты аманат етуге зор үлес қосуда.
 
?♂️ Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек адамын дәріптеп қана қоймай, олардың қоғам мен табиғатқа қосып жатқан елеулі еңбегін бағалайтын ерекше жыл.
 
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.