Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Соңғы жылдары жүргізілген есептер бойынша ұлттық парк аумағында 13,6 мың гектардан аса арша мен 19 мың гектардан аса жеміс ағаштары кездеседі. Парк құрылған уақытта, яғни 2006-2007 жылдары орманмен көмкерілген аумақ 27,5 мың гектарды құраса, қазіргі уақытта орманмен көмкерілген аумақ 32,7 мың гектарды алып жатыр. 17-18 жылда шамамен 5200 гектардай көбейген екен. Ұлттық парк қызметкерлерінің жыл сайын орманды өсіру, оны өрттен сақтау жұмыстарын сапалы жүргізгеннің нәтижесінде орманмен көмкерілген аумақтар ұлғаюда.
 
 

 

1 1 1 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.