Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Сайрамсу атты екі көл бар: Төменгі және жоғарғы.  Олардың әдемілігі, сыртқы көрінісі мен мөлдір таза суы ерте замандағы екі сүйікті туралы аңызға негіз болған.

Бір тайпа басшысының қызы болады. Бала кезінен оны сол кездегі дәстүрге сай дәулетті ханға атастырып қояды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді емес пе? Ол жүрек тура 16 жыл соғып, бойжеткен ауылдың қарапайым жігітіне ғашық болады. Алайда, қыздың ашулы әкесі жігітті ауылдан қумақ болады. Түн жарымда сүйіктілер ауылдан қашуға шешім қабылдап, оларға тек әжелері ғана ақ жол тілеп бата беріп, сыйлыққа көкшіл түсті сақина және білезік береді.

Қыздың әкесі нөкерлерімен екі жастың соңынан қуып жетеді. Сол мезетте жастар, көкшіл түсті сақинаны жерге тастай салғанда лезде олардың астынан бірінші көл пайда болады. Сендерге лағнет!-деп қыздың әкесі айқайлағанда жер дірілдейді. Атқа мінген қуғыншылар көлді айнала қоршайды, құтылу мүмкін емес.

Қыз сүйікті жігітін қатты-қатты құшақтады, сонда олардың жандары қосылып, енді ешуақытта ажырамауға серт етеді. Жерге олардың білезіктері түсіп оның орнына екінші көл пайда болады. Көлдің формасы шексіздік белгісіндей - екі бөлігі бір түйінге қосылғандай, сүйіктілердің қосылған рухындай. Оларды ажырату  мүмкін емес!

08.02.23 1 08.02.23 1 08.02.23 1 08.02.23 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.