Ұлттық паркте фототұзақтарға түсірілген жануарлар дүниесі. Өгем филиалы аумағы.
Табиғаттың тамаша тартуы жүрек бейнесінде. Ұлттық парк аумағы Қабжайлау шатқалы.
Ұлттық паркте жыл бойына тұрақты түрде жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізу мақсатында фототұзақтар орнатылады. Жылдың түрлі мезгілдерінде фототұзақтарға түсірілген жануарлар бейнелерінен үзінді.
«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-де штат бойынша 110 қызметкер болса, оның ішінде 20-ға жуық қыз-келіншек орман шаруашылығында еңбек етеді. Орманды молықтыру, түрлі табиғат қорғау іс-шараларында, заңбұзушылықтарды анықтау барысында, жалпы осы салада ержігіттермен иық тіресе жұмыс атқарып жүрген нәзік жандылардың орнын ерекше атап өткен жөн.
Соның бірі, Экологиялық ағарту жөніндегі инженер Қарашаш Абдикасымқызы Бердиева - орманшы әулетінен шықпасада табиғат қорғау мекемесінде 17 жылдан аса уақыт абыройлы қызмет атқаруда.
Жыл сайын табиғат қорғау іс-шаралары аясында мектеп орманшылықтары, жоғары оқу орындары және тағы басқа табиғат қорғау мекемелерімен бірлесіп түрлі ауқымды экологиялық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырып, тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысып, жыл көлемінде «Парктер шеруі» акциясы аясында жоғары орындар мен түрлі номинацияға ие болуда.
Сонымен қатар, Карашаш Абдыкасымқызыпарктегі жұмысынан тыс қоғамдық жұмыстарға да белсенді, айтар болсақ «Желтоқсан» патриоттық қозғалысының ақиқаты Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент филиалының мүшесі, мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы жұмыстарын бірге атқарып келеді.
Табиғатты аялайық, болашаққа сақтайық!
Ағымдағы жылдың 20-29 ақпан күндері мемлекеттік инспекторлардың ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін хаттамалар толтыру мәселелері бойынша орман өртін сөндіру қызметтері, орман ресурстарын тиімді пайдалану және табиғи кешендерді қорғау, күзету, молайту саласында білімін жетілдіру және оларға нұсқаулық беру мақсатында барлық мемлекеттік инспекторларға оқу-семинар, техминимум сабақтары өткізілді.
Ұлттық парк аумағы,Төлеби филиалы Сарыайғыр шатқалында орналасқан "Leader" демалыс орны. Демалушыларды қадылдауда. Қазіргі таңда ұлттық парк аумағында 28 жер учаскесі туристік және рекреациялық мақсатта жалға пайдалануға берілген. Демалыс орындарының ашылуы жылдан-жылға артуда.
Ұлттық паркте фототұзақтарға түсірілген жануарлар дүниесі. Өгем филиалы аумағы.
Табиғаттың тамаша тартуы жүрек бейнесінде. Ұлттық парк аумағы Қабжайлау шатқалы.
2023 жылдың 23-24 қараша күндері Шымкент қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) «Биоәртүрлілікті қаржыландыру шеңберінде» туроператорлар, гид-экскурсоводтар, ЕҚТА қызметкерлері үшін «Экологиялық туризм стандартын қолдану бойынша» семинар өткізілді. Оған қоса, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «ЕҚТА» басқармасының басшысы Е.Т.Дүйсекеев Сайрамсу орманшылығында орналасқан құрылыс нысандарымен, БӨБ-ін автоматтандыру және турмаршруттың абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Ұлттық паркте жыл бойына тұрақты түрде жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізу мақсатында фототұзақтар орнатылады. Жылдың түрлі мезгілдерінде фототұзақтарға түсірілген жануарлар бейнелерінен үзінді.