«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-де штат бойынша 110 қызметкер болса, оның ішінде 20-ға жуық қыз-келіншек орман шаруашылығында еңбек етеді. Орманды молықтыру, түрлі табиғат қорғау іс-шараларында, заңбұзушылықтарды анықтау барысында, жалпы осы салада ержігіттермен иық тіресе жұмыс атқарып жүрген нәзік жандылардың орнын ерекше атап өткен жөн.
Соның бірі, Экологиялық ағарту жөніндегі инженер Қарашаш Абдикасымқызы Бердиева - орманшы әулетінен шықпасада табиғат қорғау мекемесінде 17 жылдан аса уақыт абыройлы қызмет атқаруда.
Жыл сайын табиғат қорғау іс-шаралары аясында мектеп орманшылықтары, жоғары оқу орындары және тағы басқа табиғат қорғау мекемелерімен бірлесіп түрлі ауқымды экологиялық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырып, тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысып, жыл көлемінде «Парктер шеруі» акциясы аясында жоғары орындар мен түрлі номинацияға ие болуда.
Сонымен қатар, Карашаш Абдыкасымқызыпарктегі жұмысынан тыс қоғамдық жұмыстарға да белсенді, айтар болсақ «Желтоқсан» патриоттық қозғалысының ақиқаты Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент филиалының мүшесі, мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы жұмыстарын бірге атқарып келеді.
Табиғатты аялайық, болашаққа сақтайық!