Добро пожаловать!
Сайрам-Угамский государственный
национальный природный парк

Ұлттық парктің ауа райы құбылыстарын арнайы құрал-жабдықтармен бақылап, осы аумақта кездесетін жоғары сатыдағы өсімдіктерді түгендеу жұмыстарын, бекітілген ғылыми-зерттеу аралық есептерінің жұмыстарын, табиғат жылнамасы кітабын әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүргізетін ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі болып табылады.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2017-2021 жылдарға арналған 5 тақырыптағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары бекітілген.

  1. «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша;
  2. Сайрам-Өгем МҰТП-нің омыртқасыз жануарларының биологиялық алуантүрлілігін зерттеу;
  3. Сайрам-Өгем МҰТП-нің төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктері;
  4. Сайрам-Өгем МҰТП-нің аумағында кәдімгі пістенің бүршікпен телу арқылы оның перспективалық түрлерімен шаруашылық-құнды  формаларын енгізу;
  5. Сайрам-Өгем МҰТП аумағындағы ағаш-бұта өсімдіктеріне комплексті флоралық зерттеулер жүргізу.

2020 жылы студенттердің оқу-тәжірибелік жұмыстарын ұлттық парк аумағында өткізуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелермен келісім шарт жасалды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге «Ботаника және фитоинтродукция» институты аға ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Н.Е.Зверевпен 6 айға, б.ғ.к. М.П.Даниловпен 3 айға,  «Балық шаруашылығы ҒӨО» Арал филиалы мекемесінің ғылыми қызметкері Ғ.Ж.Исхаховпен 3 айға еңбек келісім шарты жасалды. Сонымен қатар, омыртқасыздарды түгендеу жұмыстары бойынша келісім шарт негізінде РФ Самара қаласында орналасқан «Экотон» табиғат қорғау зертханасымен  келісім шарт түзілді (пандемия әсерінен келе алмады).
«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Шымкент қаласындағы «Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  университеті, («Биология» мамандығы бойынша), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, («Биология» мамандығы бойынша).
Осы келісім шарттар негізінде аталған университет студенттері оқу-далалық, диплом алды және дипломдық іс-тәжірибеден өтуде.
Ғылыми қызмет көрсету келісім шартына сәйкес Арал филиалы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының» ғылыми қызметкері Ғ.Исхаховпен бірлесіп бөлім қызметкерлері ұлттық парк аумағында орналасқан өзен-көлдерде кездесетін балықтар түр құрамын анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Атап айтсақ, Түлкібас филиалы Көкбұлақ, Жыланды, Бозторғай, Дәубаба өзендері мен Балықты көлінде  балықтар кездесті, олар: Амур шабағы, түркістан теңгебалығы, кекіре, жолақ үкішабақ, қызылқанат, қарабалық. Өгем филиалы Өгем өзені бойынша қарабалық, қабыршақсыз көкбас, түркістан жайыны балықтары кездесті.
Соңғы жылдары арнайы хат және рұқсат негізінде Өгем өзені бойындағы аймақтарға археология және тарих ғылымының ғалымдары да қызығушылық танытып, зерттеулер жүргізуде. Жүргізілген зерттеулер есептерінің көшірмелері бөлімге өткізіледі.
Бүкіл әлемде және елімізде таралған Covid-19 індетінің әсерінен конференция мен семинарлар өткізуге шектеулер қойылғандықтан ұлттық парк дирекциясында семинар өткізілмеді.
Ағымдағы жылы, бөлім жоспарына сай ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі 5 ғылыми мақала жоспарлаған. Оның  4 ғылыми мақаласы ғылыми журналдарда жарияланды, ал республикалық, облыстық газеттерде 1 мақала жарияланды. 1 дана ғылыми мақала жоғары оқу орынның ғылыми мақала қабылдау бөліміне жіберілген еді (қазан айы),   алайда 2020 жылғы пандемия әсерінен жарияланатын мақалалар жинағы кейінгі жылға шегерілген соң жарияланбай қалды.
2020 жылы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің  кітапхана қоры – 1355  данаға жетті (2019 жылы 1350 дана), алдағы уақытта да толықтыру жұмыстары жүргізілетін болады. Кітап қорын ұлттық парк қызметкерлерімен қоса келісім-шартқа отырған мекемелердің студенттері мен қызметкерлері пайдалануда.
2012 жылдан бері гербарий үлгілерін дайындау жалғасып, қазіргі таңда жалпы – 2010 данаға жетті (2019 жылы 1950 дана). Омыртқасыз жәндіктердің коллекциясы жыл сайын толықтырылып отырады, анықталған омыртқасыздар саны – 1493 дана (2019 жылы 1479 дана),  қазіргі таңда коллекцияның саны – 792 дана (2019 жылы 775 дана).

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарының ІV-кезеңі бойынша 2020 жылғы аралық есептерінің қысқаша мәліметі.

  1. «Сайрам-Өгем МҰТП-ң индикаторлық және сирек кездесетін омыртқасыз жануарларының биологиялық алуантүрлілігін ұзақ уақыттық ғылыми мониторинг негізінде зерттеу» тақырыбы бойынша  (аға ғылыми қызметкер А.Сапаралы, тақырып бойынша 2020 жылы 2 рет іс сапарға шықты) тақырыбы бойынша ұлттық парк территориясында кездесетін омыртқасыз жануарларға түгендеу жұмысы жүргізілді. 2020 жылдың  қорытындысы  бойынша жоспарға сәйкес Өгем филиалының Өгем шатқалдары, Түлкібас филиалы Көкбұлақ, Иірсу, Даубаба шатқалдары зерттелді.

Нәтижесінде аталған аймақтардан омыртқасыз  жануарлардың төменде жазалган түрлері кездесті:
Қабыршаққанаттылар отряды – Lepidoptera –Чешуекрылые.
1)Қырыққабат ақ көбелегі-Pieris brassicae Linnaeus, 1758- Белянка капустная
2)Кәдімгі долана ақ көбелегі-Aporia crataegi  Linnaeus, 1758- Боярышница обыкновенная
3)Дала  сары көбелегі –Colias erate Esper, 1805 – желтушка степная
4) Асбұршақ ақ көбелегі –Leptidea sinapis- Беляночка горошковая
5) Кәдімгі  сары көбелегі- Colias hyale –Желтушка обыкновенная
6) Икар көгілдір көбелегінің аталық және аналық түрлері-Polyommatus icarus –Голубянка Икар
7) Барқытты бризенда-Chazara briseis –Бархатница бризеида
8) Кәдімгі барқытты көбелек-Coenonympha pamphilus –Сенница – памфил
9) Орыс алакөз көбелегі-Melanargia russiae – Пестроглазка русская
10) Автоноя барқыт көбелегі-Hipparchia autonoe- Бархатница автоноя
Оның ішінде Кәдімгі дала ақ көбелегі көптеп кездесті.
Тікқанаттылар отрядынан Обыр шегірткелер тұқымдасы көп кездесті.
Кездескен отряд түрлері:

  1. Айқыш саяқ шегірткенің аталық және аналық түрлері – Arcyptera microptera – Кобылка крестовая
  2. Италяндық обыр шегіртке –Calliptamus italicus-Саранча итальянская
  3. Оңтүстік кішкене шегіртке-Chorthippus biguttulus-Южный конек
  4. Фишер шөп шегірткесі-Stenobothrus  fischeri –Травянка Фишера
  5. Қоңыр кішкене шегіртке-Chorthippus apricarius – Бурый конек көптеп кездесті.

  Алидада тұқымдасы:

  1. Жиекті комптопус  қандаласы- Camptopus lateralis-Комптопус окаймленный
  2. Қызыләскер қандаласы-Pyrrhocoris apterus –Клоп-солдатик
  3. 3) Алтындай  жылтыр  тақтамұртшалы қоңыз- Cetonia aurata –бронзовка золотистая.

Түнде жасалған жұмыс барысында түнде кездесетін көбелектердің коллекциялары жинақталды.
Атқарылған жұмыстар барысында анықталған омыртқасыз жануарлардың түрлерінің коллекциялары жинақталып, сүретке түсіріліп, мәліметтері тіркелді.
2. «Сайрам-Өгем МҰТП-нің аумағында кәдімгі пістенің мәдени орман екпелеріне бүршікпен телу арқылы оның перспективалық түрлері мен шаруашылық-құнды формаларын енгізу» тақырыбы бойынша (жетекшісі ҚР БжҒМ Ботаника және фитоинтродукция институтының аға ғылыми қызметкері, б.ғ.к. Н.Е.Зверев, орындаушы аға ғылыми қызметкер Қ.Қалыбаев, тақырып бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша 5 рет іс сапарға шықты):
Түлкібас филиалы Көкбұлақ орман айналымы 19-орамда 2010-2011 жылдары Өзбекстаннан әкелініп, жабық тамырлы тау пісте көшеттерімен 6х6 м схемасымен 1,2 гектар көлемде отырғызылған плантацияда  ағымдағы жылдың шілде айында көшет түптері қопсытылып, суғарылып, учаске тазартылды. Ондағы көшет биіктіктері негізінен 40-95 см аралығында.
Түлкібас филиалы Көкбұлақ орман айналымында, сондай-ақ салыстырмалы түрде Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында тәжірибе жүзінде телу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында әдістемелік нұсқаулық бойынша «Ботаника және фитоинтродукция» институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ.) Н.Е.Зверевпен (келісім шарт негізінде) бірлесіп жүргізілді.  Бадам учаскесінде 2018 жылы телінген өскіннен ірі формадағы тау пісте өнімдері алынды және осы өскіннен басқа тау пісте ағаштарын телуге материал алынды. Осы өскінді Көкбұлақ орман айналымы аймағында алдын ала арнайы дайындалған тау пісте ағаштарына телу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 27 телу жүргізіліп, соның 14 данасы нәтижелі болып, өскіндер пайда болды.
Алдағы уақытта  белгіленген тау пістесі ағаштарынан биылғы өнімдері жиналады және телінген ағаштарға күтім немесе тыңайтқыштар беріледі.

  1. «Ұлттық парк аумағындағы ағаш-бұта өсімдіктеріне комплексті флоралық зерттеулер жүргізу» тақырыбы бойынша (орындаушы бөлім басшысы Ғ.Жеңісбекұлы, 2020  жылы 2 рет іс сапарға шықты):

Өгем және Бақшелпек  орман шаруашылықтары шатқалынан гербарий жиналып, өсімдіктерге таксономиялық талдау  жүргізілді. Өгем және Бақшелпек орман шаруашылықтары дендрофлорасынан Қазақстанның Қызыл кітабына енген 4 өсімдіктің түрлері кездесті. Олар: Зеравшан аршасы, Парсы шетені, Сиверс алмасы, Кавказ таудағаны. Зерттеу жұмыстарын жүргізудің қорытындысы бойынша, жалпы  Өгем және Бақшелпек  орман шаруашылықтары ағаш-бұтасын түгендеу барысында 7 тұқымдасқа, 9 туысқа жататын 19 түр кездесті.

4. «Сайрам-Өгем МҰТП-нің төменгі және жоғары сатыдағы  өсімдіктері» (жетекшісі б.ғ.к. М.П. Данилов, орындаушы ғылыми қызметкер А.Умирзакова, тақырып бойынша 2020 жылы 2 рет іс сапарға шықты) тақырыбы бойынша ұлттық парк территориясында кездесетін гүлді-шөптесін біржылдық, екіжылдық, көпжылдық өсімдіктер түгенделді. 2020 жылдың  қорытындысы  бойынша жоспарға сәйкес Өгем филиалының Өгем шатқалдары, Түлкібас филиалы Көкбұлақ, Иірсу, Даубаба шатқалдары, Төлеби филиалының Сайрамсу, Сарыайғыр шатқалдары  зерттелді. Ұлттық парк территориясында кездесетін гүлді-шөптесін біржылдық, екіжылдық, көпжылдық өсімдіктердің түрілерін анықтау жұмыстары жалғасуда.  Қазірге 50-ге жуық өсімдік түрі анықталды, оның  7 түрі  ұлттық парктің тізімінде жоқ өсімдіктер:
1. Касатик короткотрубковый – Iris brevituba (Maxim.) Vved. – Қысқатүтік құртқашаш
2.Лен многолетний (сибирский) – Linum perenne L.- Көпжылдық зығыр
3.Гелиотроп эллиптический – Heliotropium ellipticum Ledeb. – Сопақ сүйелжазар
4.Бузульник нарынский - Ligularia narynensis (Winkl.) O. et B. Fedtsch. - Нарын сарыаңдыз
5.Золотарник обыкновенный, золотая розга - Solidago virgaurea L. – Кәдімгі сарыраушан
6.Полынь лессинговидная - Artemisia sublessingiana (Kell.)  Krasch. – Майқара жусан
7.Кузиния ложнородственная -  Cousinia pseudoaffinis Kult. – Жалғаншоқайна көбенқұйрық

         6 түрі эндемді өсімдіктер:

  1. Сныть таджикистанская - Aegopodium tadshikorum Schischk.- Тәжік сныты, Риндера ежистая – Rindera echinata Regel – Кірпі риндер, Шлемник почтидернистый - Scutellaria subcaespitosa Pavl - Түбірлі томағашөп, Полынь каратавская - Artemisia karatavica Krasch. Et Abol. Ex Poljak. - Қаратау жусаны, Кузиния Минквиц – Cousinia minkwitziae Bornm. – Минквиц көбенқұйрық,  Кузиния Альберта – Cousinia alberti Regel et Schmalh. – Альберт  көбенқұйрығы.

1 түр Қазақстанның Қызыл кітабына енген:
1. Шлемник почтидернистый - Scutellaria subcaespitosa Pavl - Түбірлі томағашөп
5. «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді  “Табиғат жылнамасы” бағдарламасына сай  зерттеу» тақырыбы бойынша жыл бойы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері және мемлекеттік инспекторлар абиотикалық  орта элементтерінің жай-күйіне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маусымдық құбылыстарға, антропогендік факторлардың әсер етуіне бақылаулар жүргізді.

Назарларыңызға РАХМЕТ!

 

Ғылым, ақпарат және мониторинг бөліміне филиалдар тарапынан өткізілетін мәліметтерде жіберілген кейбір кемшіліктер

Гербарий мәліметтерге келетін болсақ, Төлеби және Түлкібас филиалдар инспекторлары гербарийді өте нашар жинаған, ал Өгем филиалы инспекторлары екі филиалға қарағанда салыстырмалы түрде орташа.
Табиғат жылнамасы журналындағы көптеген кестелерді филиал инспекторлары осы уақытқа дейін  дұрыс толтырмайды. Жыл сайын ұлттық парк дирекциясы мамандары тарапынан оқу-семинар сабағы өз деңгейде өткізілседе нәтиже сол қалыпта.
Филиал инспекторлары тарапынан толтырылатын фенологиялық мәліметтерде көптеген кемшіліктер орын алуда. Атап айтқанда, ауа райы мәліметтері және ауа ылғалдылығының көрсеткіштері толтырылатын кестелерде қателіктер байқалады. Сондай-ақ, өсімдіктер фенофазасы мәліметтері толтырылатын кестеде кемшіліктер жіберіледі. Аталған кемшіліктер жөнінде Төлеби, Түлкібас филиалдарына хаттар жіберілген, осы хатқа сәйкес филиал басшыларының ұсынысы және басшылықтың келісімі бойынша Төлеби, Түлкібас жалпы инспектор құрамына оқу түсіндіру сабағы өткізілді.
Ауа температурасын өлшейтін термометр барлық инспекторларда бар, жұмыс жасап тұр. Ауа ылғалдылығын өлшейтін гигрометр құралы филиалдарда орналасқан 13 феноалаңда бар, 2016 жылы Төлеби филиалына 2 дана, Түлкібас филиалына 2 дана, Өгем филиалына 2 дана; 2017 жылы Төлеби филиалына 1 дана, 2020 жылы Өгем филиалына 1 дана  кесім арқылы өткізгенбіз. Топырақ температурасын өлшейтін құрылғы Төлеби филиалында 1 дана, Түлкібас филиалында 2 дана бар, Өгем филиалында жоқ, ұлттық парк құрылғанда берілген құрылғылар ескіріп, тозығы жетіп немесе басқалай себептермен сынған. Алайда сынғаны жөнінде кесім жасап (фото+кесім), дирекцияға өткізілмеген.

Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің ұсынысы

Ұлттық парктің филиал инспекторлары тарапынан толтырылатын фенологиялық мәліметтердегі ауа райы құбылыстарын өлшейтін құрал-жабдықтардың біркелкі (единый) түрін алып беруге ұсыныс жасаймын. Әсіресе ауа температурасын өлшейтін кәдімгі термометр филиал инспекторларында парк ашылғалы ауыспаған, осыған байланысты әр құрал-жабдықтар белгілі бір мерзімге беріліп, кесім арқылы жауапты қызметкерге бекіттіріп, мерзімнен бұрын құрал-жабдықтарда ақау болса жауапты инспектор дәл сондай құралды орнына қоюға міндеттеледі. Сонымен қатар, істен шыққан құралдарды кесім арқылы (сурет, құралдың  өзі қоса тіркеледі) филиал қызметкерлері ұлттық парк дирекциясына тез арада өткізуі қажет.
Ұлттық парктің өсімдіктер жөніндегі қысқаша анықтауыш кітабын инспекторларға шығарып беруге ықпал жасауыңызды сұранамын.
Ұлттық паркке бекітіліп берілген табиғи-ботаникалық қаумал инспекторларына ауа райы құбылысы және өсімдіктер фенологиясы жөніндегі мәліметтер толтыру, сондай-ақ техминимум оқу-семинар сабақтарын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қажет.
2021 жылы ұлттық парктің ашылғанына 15 жыл толуына байланысты іс шара ұйымдастыру.        

Информация о туристских маршрутах
На территории парка разработаны 11 туристских маршрутов, паспорта которых утверждены Комитетом лесного хозяйства и животного мира от 1 апреля 2008 года №93.