Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Құрметті туризм саласының мамандары, саяхатшылар және табиғат жанашырлары!

Сіздерді Дүниежүзілік туризм күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Туризм – табиғаттың көркемдігін танып-білуге, туған өлкенің бірегей табиғи мұрасын насихаттауға және жаңа әсер мен шабыт алуға мүмкіндік беретін маңызды сала.

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің асқақ таулары, көрікті шатқалдары, мөлдір өзендері мен қайталанбас табиғаты – еліміздің баға жетпес табиғи байлығы. ??️

Табиғи аумақтарды қорғау, экологиялық туризмді дамыту және табиғи мұраны келешек ұрпаққа аман жеткізу – баршамызға ортақ міндет.

Баршаңызға сәтті сапарлар, жарқын әсерлер, жаңа бағыттар мен шығармашылық табыс тілейміз!
Табиғатты бірге қорғайық, туған жердің көркемдігін бірге дәріптейік! ?

? Дүниежүзілік туризм күні құтты болсын!

#ДүниежүзілікТуризмКүні #ТуризмКүні #СайрамӨгем #СайрамӨгемҰлттықПаркі #Туризм #Экотуризм #ТабиғаттыАяла #ТуғанЖер #ТабиғиМұра #ҚазақстанТуризмі

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.