Қарақұрт еліміздің оңтүстік аудандарында көп мекендейді. Қарақұрт (лат. Latrodectus tredecimguttatus) - улы өрмекші тәрізділер тұқымдасына жатады. Толық жетілген ұрғашы қарақұрттың, (10-20 мм) қара, ал жетілмеген ұрғашысы мен аталықтарының, (4-7 мм) денесінде қызыл дақтары болады. Көздері күндізде түндеде бірдей көреді. Ұрғашы қарақұрт ұясын жерге салады, оның айналасына тор тоқып, жәндіктермен қоректенеді. Өрмектен жасалған піләдағы, (5-12) жұмыртқалары, (1200-2000) қыстап, көктемде жас қарақұрттар шығып, 6 рет түлеп, маусымда толық жетілген ұрғашы қарақұрттарға айналады. Улы бездері кеуде-бас қуысына орналасып, өзекше арқылы хелицермен жалғасқан. Ақзаттан тұратын у өте күшті нейротроптық у. Адамдарды қатты уландырып, кейде өлімге дейін жеткізеді.
Денесі шағын (ұрғашысының тұрқы 10 – 20 мм, еркегі 4 – 7 мм), түсі қара, құрсағында қызыл дақтары бар. Қарақұрттар өте өсімтал: шілдеде 100 – 700 жұмыртқа салып, оларды пілләсімен қорғауға алады. Жұмыртқадан шыққан өрмекшілер пілләда қыстап, келесі жылы сәуірде жан-жаққа тарайды. Әсіресе ұрғашы Қарақұрттың уы адам мен малға өте қауіпті. Қарақұрт шаққан жерде қызыл дақ пайда болады, сәл уақыттан соң білінбей кетеді. Қарақұрт шаққан адамның 10 – 15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты ауырады, аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады. Ол шаққан кезде адамның бүкіл тұла бойы ауырады, аяқ- қол еттері тартылады, қалтырап-дірілдеп тоңғандай болады да артынша денесінің ыстығы көтеріледі, ісініп терлейді. Қатты терлеп, ентігеді, дем алысы нашарлайды. Өкпесі ісінеді, жүрек соғысы жиілейді, тамыр соғысы әлсірейді, көзінің қарашығы үлкейеді. Сілекейі шұбырып, тілі аузына сыймайды. Көзінен жас ағады. Қан қысымы көтеріледі. Дер кезінде жедел жәрдем көрсетілмесе, уланған адам 1 – 2 күннен кейін өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ Қарақұрт шаққан жерді сол сәтінде сіріңкемен күйдіріп жіберу керек.










