Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел көлемінде «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы♻️ аясында Шымкент қаласында орналасқан «№1 мамандандырылған IТ лицей интернатында» аумақты көгалдандыру, яғни жас ағаш көшеттерін егу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға жалпы 60 оқушы мен ұстаздар, парк қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – ел тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету.