Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Ұлттық паркте жаңадан жабдықталған “Сайрамсу аңыздары” турмаршруты таныстырылды.

Алматы қаласында БҰҰ даму бағдарламасы (ПРООН) мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұйымдастыруымен 19-23 маусым аралығында баспасөзге жауапты мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар.

Ғылыми-Зерттеу жұмыстарының 2023 жылғы жоспарына сәйкес Ұлттық парк аумағындағы кездесетін өсімдіктерді инвентаризациялау (түгендеу), зерттеу мақсатында ағымдағы жылдың 19-23 маусым аралығында ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің бастығы Ғ.Жеңісбекұлы және аға ғылыми қызметкерлері А.Умирзакова, А.Дилдабаева және «Ботаника және фитоинтродукция иститутының» ғылыми қызметкері Рамазанова М.С., қатысуымен Өгем филиалының Бақшелпек шатқалына іс-сапарға барды. Іс-сапар барысында өсімдіктердің гербарийі жиналып, зерттеу жұмыстары жүргізілетін болды.

26.06.23 1 26.06.23 1 26.06.23 1 26.06.23 1 26.06.23 1

ҚР "Жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу" жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес суырларды есепке алу 15 маусымға дейінгі мерзімде жүргізіледі. Есепке алу жұмыстары кезінде ұлттық парктің аңшылықтанушы-биолог мамандарының қызыл суырды бейнеге түсіру кезінен үзінді.

14.06.2023 ж “Shymkent” қонақүйінде жеке тұлғалардың және туристік топтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда бару қауіпсіздігіне арналған семинар өтті. Семинарға 20-дан астам экскурсия жетекшілері мен туризм нұсқаушылары қатысты. Жетекші сарапшылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ережері мен туристерге алғашқы медициналық көмек көрсету сияқты қауіпсіздіктің техникалық аспектілері туралы толық мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар өз кезегінде өрт қауіпі бар маусымы кезіндегі сақтық шаралары туралы ақпарат алды.

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.