Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

27-қыркүйек бүкіләлемдік туризм күні қарсаңында Ұлттық парктің Сайрамсу шатқалында Оңтүстік апьпинистерімен ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шарада түрлі спорттық ойындар және жарыстар ұйымдастырылды.
Соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар үлестірілді.
 

27 қыркүйек-Бүкіләлемдік туризм күнімен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Әріптестерімізді шын жүректен кәсіби мерекесімен құттықтайды!

Дүниежүзілік туризм күні – барша халықтың тарихи-мәдени құндылықтарымен танысып, таңғажайып табиғатпен сырласып, демалуына мүмкіндік жасайтын туристік мекемелердегі кәсіби қызметкерлердің халықаралық мерекесі.

Халқымыз "Еңбек-адамның көркі, адам-заманның көркі" - деп бекер айтпаса керек. Елімізде 10 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісі "Еңбек күні" ретінде аталып өтуде.

Осыған байланысты "Еңбек күні мерекесіне" орай ұйымдастырылған "Еңбек жолы" конкурсының "Үздік еңбек әулеті" номинациясы Өңірлік кезеңі бойынша 1-орын жеңімпаздары "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің" қызметкерлері "Тұрғановтар әулеті" марапатталды.

16.09.2023ж. күні "Дүниежүзілік тазалық күні" (World Cleanup Day 2023) экологиялық акциясы Ұлттық парктің Сайрамсу орманшылығы мен оған іргелес аумақтарында колледж студенттері және еріктілердің қатысуымен бірлесіп жүргізілді.

 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.