Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Шымкент қаласы                                                                 17 маусым  2025 жыл.

​Семинарға қатысқандар:

​ҚР БҒМ Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері б.ғ.к. Есенбекова Перизат Абдыхайырқызы, Ұлттық парктің ғылым жөніндегі орынбасары Б.Айнабеков, Д. Қадыр, А.Умирзакова, А.Тасбулатова, Ғ.Үсен, Қ.Қалбаев, М.Опабек, Н.Икрамхан. 

​Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылым бөлімінің басшысы Төре Н, кіші ғылыми қызметкері Базарбай Д.

         Семинардың тақырыбы:

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің  аумағындағы омыртқасыз жануарлар.

​Тыңдалды: 

​Ұлттық парктің базасында ҚР ҒЖБМ ҒК-не қарасты Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері, ұлттық парк мамандары қатысқан ғылыми семинар өтті. Семинарды парктің бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары  Б.Айнабеков ашып кеңес регламентімен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөзді б.ғ.к, Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері П.Ә.Есенбекова бастады.​

​Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінде насекомдарды зерттеу жөнінде біраз жұмыстар жүргізілгендігі, алдағы кезде жалғастыру керектігі ұсынылды.  

         2006-2024 жылдарда «Сайрам-Өгем» мелекеттік ұлттық  табиғи паркінде омыртқасыздардың 2 тегіне (буынаяқтылар – Arthropoda, былқылдақденелілер - Mollusca), 3 тобы (Arachnida, Insecta, Gastropoda) мен 14 отрядына, 102 тұқымдасы мен 473 туысына жататын 1616-ға жуық түрі анықталды.  

Насекомдардың 10 отряды: 

Жартылай қаттықанаттылар (Heteroptera)

Теңқанаттылар (Homoptera), 

Дәуіттер (Mantoptera), 

Теріқанаттылар (Dermaptera), 

Тікқанаттылар (Orthoptera), 

Мамықжегіштер (Mallaphaga), 

Қаттықанаттылар (Coleoptera), 

Қабыршаққанаттылар (Lepidoptera), 

Жарғаққанаттылар (Hymenoptera), 

Қосқанаттылар (Diptera)

Өрмекшітәрізділердің 4 тобы мен 34 туысы

Ұлулардың 2 тобы мен 16 туысы. 

Қазіргі уақытта омыртқасыздардың «Сайрам-Өгем» МҰТБ  - 36 эндемиктік түрі және «Қазақстан Қызыл кітабына» енген 10 түрі анықталды.

1. Hierodula tenuidentata Saussure, 1869 - Ағаш дәуіті

2. Bolivaria brachyptera Pallas, 1773  - Қысқақанатты Боливария дәуіті

3. Сordulegaster insignis coronatus (Morton, 1916) - Көрнекті шоқпарқарынды инелік

4. Ceraeocercus fuscipennis Uvarov, 1910 - Қоңырқанатты шегіртке

5. Zygaena turchmena Eversmann, 1854 – Түркімен ала көбелегі

6. Papilio alexanor Esper, 1800 (Махаон-Алексанор)– Алексанор көбелегі

7. Colias draconis Grum-Grshimailo, 1891– аждаһа сары көбелегі

8. Colias romanovi (желтушка Романова) – Романов сары көбелегі 

9. Dorcadion ganglbaueri Jakovlev, 1897 -  Гангльбауэр тамыр жегіш қоңызы

10. Capnodis miliaris metallica Ballion, 1870 – үлкен тораңғы зер қоңызы

Менің өтінішім парктің барлық мемлекеттік инспекторлары өзінің айналымдарында кездесетін омыртқасыз жануарларды, арнайы әдіспен жылдың бір мезгілінде ғылым бөліміне өткізіп отырса, материал көбірек жиналар еді. Біз жылдың бір мезгілінде ғана  жәндіктерді жинай аламыз, ол омыртқасыз жануарларды анықтау үшін де, коллекция жасау үшін де қолайсыз болып отыр. Себебі, омыртқасыз жануарлардың жыл мезгілдеріне қарай кездесуі өзгеріп отырады, мысалы біреулері өте ерте көктемде кездессе, керісінше, кей жәндіктерді тек күздің соңғы айларында ғана ұшырата аламыз.

Зоология институтының б.ғ.к, жетекші ғылыми қызметкері Есенбекова Перизат Әбілхайырқызы зоология институтының бірнеше бөлімнен тұратынын, бірақ әлі де болса Қазақстанның омыртқасыздарын зерттеуге зоолог мамандардың жетіспей жатқанын атап өтті, себебі әр тұқымдастың өзін бір маман зерттеген күннің өзінде, әлі де болса қаншама маманның қажет екені белгілі болды. Сондықтан Қазақстандағы әр ұлттық парк, қорықтардан бір маманның энтомологиямен айналысуы қажет екенін атап өтті. 

Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып,ұлттық парктің бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Б.Айнабеков семинардың жұмысын қорытындылады.

Семинардың қорытындысы 

1. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы омыртқасыз жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін зерттеуге ботаник, зоолог ғалымдарды кеңінен тарту қажет.

Сұрақтар:

1. Қызыл кітапқа енген омыртқасыздар?
2. Биологиялық әдіспен насекомдармен күресу жолдары?

Семинарлық кеңестің төрағасы -                  

ұлттық парктің бас директорының 

ғылым жөніндегі орынбасары                                       Б.Айнабеков 

                                                                                                                

                Хатшысы 

                                                                                                     А.Тасбулатова 

1 1 1

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.