Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ  «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау  күніне орай «Табиғатым тамаша» атты тақырыппен "Парктер шеруі - 2025" республикалық табиғат қорғау акциясының жабылу салтанатын Түлкібас филиалы Балықтыкөл орман айналымында    өткізуді.

​"Парктер шеруі" табиғат қорғау акциясының мақсаты – қоғамның экологиялық сауаттылығын арттыру мен  мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу  болып табылады. 

​Акция барысында қоршаған ортаның табиғатын қорғау тақырыбында өнер конкурсы  және спорт түрлерінен  жарыстар, викториналық сұрақтар   ұйымдастырылды. Оған қоса түрлі экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылып, іс-шараны Қазақстан ұлттық арнасы түсіріп, телеарнада көрсетті.

​Авторы Қ. Бердиева

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.