Мобильный путеводитель по Национальному парку «Сайрам-Угам» представляет собой удобный инструмент для навигации по живописной территории национального парка. Позволяет ознакомиться с месторасположением: вершин гор, стоянок для отдыха, приютов, проложенных маршрутов. Рекомендуется для установки на мобильные устройства всем потенциальным посетителям. При помощи данного программного продукта вы сможете определиться с маршрутом следования в походе и избавитель от опасности заблудится на незнакомой вам местности.
Бүгін маңызды даталардың бірі - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.
Өздеріңіз білетіндей, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы іске асырылуда.
Осы жылдың басынан бері концепция аясында ел аумағында 405 іс-шара өтті. Олардың қатарында «Таза қала», «Таза өлке», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Таза жағалау», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Мөлдір бұлақ», «Халықаралық құстар күні» және т. б. ауқымды республикалық акциялар бар, аталған шараларға 1,4 млн. жуық қазақстандық қатысты, оның ішінде 82 мыңы еріктілер.
Жұмыла жасаған еңбек нәтижесінде 121 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 584 мың гектар аумақ тазартылды, сондай-ақ 1,7 млн. ағаш отырғызылды, 5 мыңнан астам студенттің қатысуымен дәрістер, эко-сағаттар, конкурстар мен экскурсиялар өтті.
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.