Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

Тау жоталары қайталанбас табиғаты, флорасы мен фаунасымен ерекшеленеді. Таулы аймақтың осы экологиялық жүйесінің биологиялық әртүрлілігін, табиғи кешендерінің ерекшелігін, табиғи қорғалу қорының нысандарын, мәдени-табиғи мұраларды сақтап қалу мақсаты – «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркін құруға негіз болды.
Автор: Қ.Нұрханұлы
Автор видео: @nurtileu_nysanbai
 

Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.