Сайрам-Өгем мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі

«Экология» кафедра оқытушысы-доцент,биология ғылымдарының кандиданты Куатбаев Асхат Тезекбаевичтың жетекшілігімен университет студенттері далалық практикадан өтті. Жазғы дала практикасының нәтижесінде студенттер экология бойынша білімдерін бекітеді, Сайрам-Өгем МҰТП-нің ерекше табиғаты мен фаунасымен танысады, омыртқасыздар коллекциясын ғылыми мақсатта жинайды, сонымен қатар баға жетпес тәжірибе жинақтайды және көптеген жарқын әсерлер алады.
 
Туристік бағыттар жөнінде ақпарат
Парк аумағында 11 туристік бағыт ұйымдастырылды, олардың паспорттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №93 бұйрығымен бекітілген.