Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша,фототұзақтар тек жануарларды бейнежазбаға түсірп қана қоймай,олардың қауіпсіздігін қаматамасыз етуге де көмектеседі.Қыс мезгілінде биотехникалық іс-шаралар күшейтіліп,жабайы аңдарға жем-шөп қоры дайындалды.Айта кету керек,Сайрам-Өгем МҰТП аумағында барлық аңшылық түріне қатаң тыйым салынған.Жануарлар популяциясын сақтау мақсатында тұрақты түрде табиғат қорғау шаралары жүргізілуде.