Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде Наурызнама тұжырымдамасы бекітілді. Аталған тұжырымдама негізінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы елімізде 14 наурыздан бастап тойланатын болды.
19- наурыз «Жаңару күні».
Бұл күн – экологиялық акциялар аясында айналаны абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге арналған.
Жаңару күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.
Осы күні ұлттық парк қызметкерлері Шымкент қаласында орналасқан №30 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы тәрбиеленушілермен бірлесіп аумақты көгалдандыру мақсатында жас бүлдіршендермен жас көшеттер отырғызды.